ЖАН ЖЫЛУЫ!!!
8 қазан күні Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен КЯ-24-3,5 топ студенттері №1 қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйіне барып, "Жан жылуы" атты іс-шара өткізді. Іс-шара барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, әуезді ән мен әсем би, көңіл тебірентерлік өлеңдер оқи отырып, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың жүректеріне жылулық сыйлай білді. Студент жастардың өздеріне көрсеткен ерекше ықыласына риза болған қарттарымыз батасын беріп, алғыстарын жаудырды.
Түрлі тағдыр тауқыметімен осында келіп паналаған қарттарымызды көрген студент жастар көңіл толқыныстарын жасыра алмай, еріксіз көздеріне жас алып та жатты. Дегенмен кеш соңын көңілді би алаңына айналдырып, қариялармен бірге би билеп, ән салды.