МАНАПБАЕВ БАУЫРЖАН ЖАРҚЫНБЕКҰЛЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі - Академиялық мәселелер бойынша проректоры.

1984 жылы 16 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.

2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Механизация және энергетика» факультетінде «Мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ қоймаларын жобалау, салу және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006-2009 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құрылыс конструкциялары, ғимараттары мен құрылымдары» мамандығы бойынша аспирантурада білім алды.

2010 жылы кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, техника ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.

2010-2012 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Мұнай-газ ісі» кафедрасының аға оқытушысы;

2012 жылдан бастап кафедра доценті;

2010-2013 жылдары «Мұнай, газ және механика» факультеті деканының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша орынбасары;

2013-2019 жылдары «Мұнай-газ ісі» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

2008 жылдан университеттің Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі;

2012-2017 жылдар аралығында Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды.

2011 жылы «Үндістанның текхникалық және экономикалық ынтымақтастығы» бағдарламасы бойына шәкіртақы иегері атанып, Үндістанда біліктілікті арттыру курсынан өтті.

2011 жылғы Жамбыл облысы әкімінің «ғылым» номинациясының лауреаты.

Top