ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛ БЛОГЫ
АБДИКАРИМОВ КУАНЫШ ГАЛЫМЖАНОВИЧ
Студенттердің құқықтары жөніндегі уәкіл
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушысы
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Білімі:
- Магистратура, Рединг Университеті, Ұлыбритания, Мамандығы: «Жетілдірілген компьютер ғылымы» (MSc);
- Бакалавриат, М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университенті, Мамандығы: «Ақпараттық жүйелер» (үздік диплом).
Студенттердің құқықтары жөніндегі уәкіл:
- Студенттер мен магистранттардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша қызметті жүзеге асырады;
- Білім алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын мониторингілейді;
- Білім алушылардың өзекті қажеттіліктеріне талдау жасайды;
- Білім беру процесінің сапасын арттыруға бағытталған қызметті жүзеге асыруға жәрдемдеседі;
- Білім алушылардың материалдық және тұрмыстық жағдайын жақсартады;
- Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алады;
- Білім алушылардың мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешуде ЖОО-ның лауазымды тұлғаларымен өзара байланыста болады;
- Білім беру ұйымдарындағы студенттік омбудсмендермен, студенттік кеңестермен, білім алушылардың өкілетті органдарымен және білім алушылардың өзге де ұйымдарымен өзара әрекет жасайды.
Студенттердің құқықтары жөніндегі уәкіл өз қызметін ереже негізінде жүзеге асырады.
Студенттер мен магистранттардың құқықтары жөніндегі уәкілге байланысуға арналған үлгі:
Мәселеңізді егжей-тегжейлі сипаттаңыз және байланыс деректерін қалдырыңыз. Студенттер мен магистранттардың құқықтары жөніндегі уәкіл сізге жақын арада хабарласады.
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТІК ОМБУДСМЕНДЕРІ
М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Студенттер құқықтары жөніндегі студенттік омбудсмені, университеттегі студенттерінің мүдделерін қозғайтын, университетте білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал ету, әлеуметтік бастамалар мен мүдделерді қолдау және іске асыру, құқықтық ағарту және білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру үдерістерді басқаруға (сұраныстар мен бастамалар арқылы) қатысу құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Мадиева Алина Қанатқызы
"Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация" факультеті
Сарсен Адильжан
"Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация" факультеті
Серік Мұса Манасұлы
"Су шаруашылығы, экология және құрылыс" институты
Сұрақтың тақырыбы : Обращение к комиссии этики
Сұрақ мәтіні: Преподаватель ведёт со мной некомпетентно и крайне непрофессионально. Баллы за 4 недели были необоснованно занижены из-за её многочисленных ошибок в политике проставления баллов. Прошу рассмотреть этот инцидент в срочном порядке.
Жауап
Уважаемая Диара!
Благодарю Вас за обращение, для рассмотрения которого была создана специальная комиссия. По итогам работы комиссии вынесены конкретные предложения, которые будут рассмотрены на заседании Совета по Этике 12.03.2021 года. Ниже прилагается копия справки комиссии.
Сұрақтың тақырыбы : Ата-анадан сұрақ
Сұрақ авторы: Магжан Нурлан
Сұрақ мәтіні:
Сәлеметсіз бе Альмара Еркиновна! Сізге өтінішпен ата ретінде шығып отырмын. Бізде мынадай проблема болды жазда. Колледжге кәсіби-бағдар жұмыстарын жүргізгенде біздегі мамандықтар бойынша ҰБТ нәтижесі бойынша қысқартылған күндізгі оқуға түсу мүмкіндіктеріңіз бар деп айтқан екен. Алайда, білім беру грантына колледж түлектері қатысқан кезде Дулати университетін базадан көрсете алмады. Тізімде жоқ. Барлық мамандық бойынша университет көрсетілмепті. Мұғалімдер қысқартылған оқыту түрі бойынша білім беру бағдарламасы мемлекеттік реестрден тіркеуден өткендігін айтты. Қабылдау комиссиясы кафедралар тарапынан министрлікке тапсырыс берілмеген деді. Нақты себебін, оған кім кінәлі екендігін анықтай алмадық. Балам сіздердің мұғалімдеріңіздің ақыл-кеңесімен құжаттар тапсырған еді, жақсы нәтижеге қол жеткізіп, амал жоқтығынан Алматы қаласындағы политехка түсті. Біз қуанған едік, өзіміздің қалада оқитын болды деп. Сізден төмендегі сұрақтарға әдеп жөніндегі уәкіл ретінде жауабын берерсіз деген үміттемін.
- Неге университетте колледжден кейін грантқа түсуге болмайтынын ертерек айтпайды, неге мұғалімдер жалған ақпарат береді?
- Алматыда оқып жатқан баламды қыста грантымен ауыстыра алам ба? Оған кім кепілдік береді?
Жауап
Құрметті Мағжан Нұрлан!
Сіздің менің атыма жазған хатыңызға байланысты төмендегідей ақпаратты жолдаймын.
Жыл сайын Білім және ғылым министрлігі тарапынан бекітілген Ереже бойынша жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантты орналастыру конкурсы шілде айында ұйымдастырылады. Ол конкурсқа жыл сайын біздің университет те республиканың басқа ЖОО-мен бірге қатысады. Конкурс нәтижесі бойынша Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік гранттар орналастырылатын білім бағдарламалары мен университеттің тізімін бекітеді. Бұл шешімді нақты бір оқу жылына қабылдағанда университеттер мен білім бағдарламаларының әр түрлі көрсеткіштері есепке алынады және оның нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Біздің университеттің қабылдау комиссиясында жоғарыда аталған конкурс нәтижелері ілініп қойылған болатын, демек қабылдау комиссиясы осы шешімге сәйкес жұмыс атқарды. Қабылдау комиссиясын басқарған азамат М. Нұрпеисов
Сіздің балаңыздың, өзінің грантымен Қазақстанның кез-келген оқу орнына ауысуға құқығы бар, ол процесс студенттердің ауысу және қайта қабылдануы туралы ережемен реттеледі. Аталған ауысулар тек қана қысқы және жазғы каникул кезінде жүзеге асырылады.
Құрметпен, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры
А. Наурызбекова
Академиялық саясат бойынша департамент директоры
А. Малибеков