АЙДЫҢ ҮЗДІК КУРАТОРЫ

Сәуір айының үздік кураторы!

Айнабекова Индира Тайқоңырқызы

М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің «Экономика және құқық» факультетінің «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы Айнабекова Индира Тайқоңырқызы 1997 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтының «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітіріп, экономист біліктілігін алған.

2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеттің магистратурасын «Оперативтік контроллинг жүйесіндегі есеп және талдау» атты тақырыбында магистрлік диссертацияны қорғап, 6N0508-«Есеп және аудит» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі берілген.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады және әртүрлі көлемдегі конференцияларға қатысады. ҚР БжҒМ және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған журналдарда және республикалық, халықараларық конференцияларда 60-тан астам мақалалар жарияланған, 1 оқу құралының бірлескен авторы.

Білім беру саласындағы жемісті еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін грамоталар және алғыс хаттармен марапатталынған.

Университет, факультет және кафедра көлемінде қоғамдық жұмыстарға үнемі белсенділік танытады.

Бүгінде 6В04111 «Бухгалтерлік есеп, аудит және кәсіпкерлікке салық салу» білім беру бағдарламасының 1 курс білімгерлеріне оқытушы және куратор ретінде белсенді жұмыстар жасап, жоғары дәрежеден көрінуде. Ол «М.Х. Дулати өмірі мен шығармашылығы», «Қазақстан халықтарының тілдері күні», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу», «Менің мамандығым – бухгалтер», «Қазақстанның гендерлік саясаты» сияқты өзекті тақырыптарға ашық кураторлық сағаттарды жоғары дәрежеде өткізеді.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әкімшілігі Айнабекова Индира Тайқоңырқызын университеттің оқытушылық, ғылыми-зерттеу, сондай-ақ тәрбие жұмысындағы жемісті жұмысы мен жетістіктері үшін шын жүректен құттықтайды.

Сізге одан әрі гүлдену мен шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен қызықты идеялар тілейміз!

Наурыз айының үздік кураторы!

Қуандықова Гүлчехра Тұңғышқызы

М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетенің Су шаруашылығы, экология және құрылыс институтының Биология кафедрасының аға оқытушысы Қуандықова Гүлчехра Тұңғышқызы 1997 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Химия және биология» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп, химия және биология мұғалімі біліктілігін алған.

2005 жылы «Энтомофильді Ascomycetes саңырауқұлақтарының биологиялық ерекшеліктері» тақырыбында магистрлік диссертацияны үздік қорғап, 6N0607-«Биология» мамандығы бойынша магистр акдемиялық дәрежесі берілген. 2017 жылы Ресейдің А.Н.Костяков атындағы Бүкілресейлік гидротехника және мелиорация ғылыми-зерттеу институтында ғылыми тәжірибелік тағалымдамадан өткен.

ҚР БжҒМ және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған журналдарда және республикалық, халықараларық конференцияларда 58-ден астам мақалалар жарияланған, 1 оқу құралының бірлескен авторы.

Білім беру саласындағы жемісті еңбегі, өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін 2004 жылы «Қазақстанның тәуелсіздік күніне», 2012 және 2015 жылдары 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесіне орай Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталынған.

Университет, институт және кафедра көлемінде қоғамдық жұмыстарға үнемі белсенділік танытады.

Бүгінде 6В05112-Жалпы биология мамандығының 2 курс білімгерлеріне оқытушы және куратор ретінде белсенді жұмыстар жасап, жоғары дәрежеден көрінуде.

Тұрмыста, төрт ұлды тәрбиелеуде.

Ақпан айының үздік кураторы!

Макарова Елена Александровна

Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі" кафедрасының аға оқытушысы.

Елена Александровна М.Х.Дулати атындагы ТарМУ-н «Дене шынықтыру және спорт» мамандығын үздік бітірді.

Ол ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады және әртүрлі көлемдегі конференцияларға қатысады.

Қаңтар айының үздік кураторы!

Умирбекова Асель Сагындыковна

М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы

Технологиялық факультетінің «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология» кафедрасының аға оқытушысы Умирбекова Асель Сагындыковна 2005 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Кондитер және қант өнімдері технологиясы» мамандығы бойынша үздік дипломмен толық курсын бітіріп, инженер – технолог біліктілігін алды. 2009 жылы «Өсімдік шикізаттарнынан алынған наноқұрылымды ұнды пайдаланып нан және кондитер өнімдерін дайындау технологиясын өңдеу» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғап, 6N0727- «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесі берілді.

ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған журналдарда және республикалық, халықаралық конференцияларда 30-дан астам мақалалары жарияланған. 1 оқу құралының бірлескен авторы. 2019, 2020 жылдары «ZIAT» ғылыми –әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ғылым шарайнасы» атты ХІІІ республикалық колледж және ЖОО студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысында студенті жоғары жетістікке қол жеткізгені үшін 2 рет дипломмен марапатталған.

Бүгінде 5В072700- Азық- түлік өнімдерінің технологиясы мен 5В072800 –Өңдеу өндірісінің технологиясы мамандықтарының 3 курс студенттеріне оқытушы және куратор ретінде сапалы білім мен саналы тәрбие беруді өзіне мақсат етіп қойған.

Желтоқсан айының үздік кураторы!

Әбдімомынов Еділбек Бақытжанұлы

М.Х.Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы

Email: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Тел: 87012307219

Әбдімомынов Еділбек Бақытжанұлы Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз Өңірлік университеті Ұстаз институтының, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы.

Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының бакалавр, магистратура, докторантура бағдарламаларын толығымен үздік аяқтап шыққан қазіргі заманға сай креативті оқытушы.

Сегіз жылдан астам уақыттан бері жоғары оқу орнында ұстаздық етіп келе жатқан жылдарында Тараз мемлекеттік пеадгогикалық университетінің «Қазақ филологиясы» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы, филология факультеті деканының ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша орынбасары қызметтерін атқарған.

Әлемдік 500 үздік жоғары оқу орнының қатарына кіретін Венгрияның Сегет университетінде және Түркияның Мұғла Сытқы Кочман университетінде Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып, ғылыми тағылымдамадан өткен.

Қазақстан республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді Гранттық қаржыландыру конкурсының жеңімпазы.

60-қа жуық ғылыми мақаланың авторы. Оның ішінде Халықаралық Скопус базасына кіретін импакт факторы бар журналдарда 2 ғылыми мақаласы жарияланған. 3 оқу және оқу-әдістемелік, 1 ұжымдық монография мен 1 электронды оқу құралының бірлескен авторы.

Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат еткен жас оқытушы-ғалым: оқу, ғылым, тәрбие салалары бойынша әр уақытта белсенді жұмыстар атқарып, бірнеше рет Алғыс хаттар мен жүлделі орындарды иеленген.

Қазіргі уақытта «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасына қарасты КЯ-20-1 академиялық оқу тобына Куратор ретінде белсенді жұмыстар жасап, жоғары дәрежеден көрінуде.

Атап айтқанда, «Жаңа әлемдегі – жаңа Қазақстан», «Ұстаз - ұлы тұлға», «Студенттерді Қазақстан республикасының Жастар саясаты туралы Заңымен таныстыру», «Волонтерлік - патриотизмнің жоғары көрінісі», «Тұмау және короновирустық инфекцияның алдын-алу туралы түсінік» және тағы басқа өзекті тақырыптарда Ашық тәрбие сағаттары мен кураторлық сабақтарын Онлайн жүйесінде тиімді тәсілдермен өткізе білді.

Нәтижесінде Кураторлық еткен тобының студенттері: Сыздықова Дильназ, Худайбергенова Злиха, Жаңабай Ақнұр, Қанат Әсем, Аманбекова Аяжан республикалық, облыстық, университет ішілік деңгейде ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысып «Жалын» волонтерлік қозғалысының дамуына қосқан үлесі үшін», Тараз қаласының қоғамдық өміріне белсенді араласып, мемлекеттік жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін», «Жастар арасында волонтерлік брендті насихаттағаны үшін» және тағы да басқа арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.

Сондай ақ, КЯ-20-1 тобының студенті Алиева Камила Ибрагимқызы университетімізде өткізілген «Студенттерге арналған ғылыми-практикалық конференцияға» белсене қатысып, өз жобасын қорғап, келесі кезеңге жолдама алды.

«Үздік куратор» байқауына қатысушы Әбдімомынов Еділбек Бақытжанұлының Кураторлық етіп келе жатқан академиялық тобына 2020-2021-ші оқу жылының бірінші семестріндегі студенттердің оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы жөнінде жүргізілген талдаудың қорытындысы бойынша 95 пайызды құрап, жоғары нәтижені көрсете білді.

Сонымен қатар, академиялық топта білім алып жүрген барлық жиырма тоғыз студенттің жиырмасы белсенді студент жастарға арналған «Жас Отан жастар қанаты», «Жалын», «Атамұра», «Волонтерлар лигасы» және тағы да басқа ұйымдар мен үйірмелерге мүше болып белсенділік танытып келеді.

Өмірін ғылым мен білімге, жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған жас ұстаздың алға қойған мақсаттары мен жоспарлары еліміздің және Мұхамед Хайдар Дулати атындағы Тараз Өңірлік университетінің даму Стратегясы мен жоспарларына толықтай сәйкес келеді.

Қараша айының үздік кураторы!

Сүйкімбаева Нургул Торекуловна

«Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің «Техникалық физика» кафедрасының аға оқытушысы Сүйкімбаева Нургул Торекуловна 2 желтоқсан 2020 ж. күні өткен Тәрбие кеңесі мәжілісінің отырысында байқау ережесі бойынша оқу жылының басынан куратор өткізетін іс-шаралардың мазмұндылығы, әлеуметтік белсенділігі, куратор есебі мазмұнының сапасы талаптарына сәйкес жан-жақты қарастырылып, 2020жылдың қараша айының «Айдың үздік кураторы» атанды.

Сүйкімбаева Нургул Торекуловнаны Университет ұжымы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысындағы жемісті еңбегі мен жетістіктері үшін шын жүректен құттықтайды.

Сізге шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер, қызықты идеялар және одан әрі өркендеу тілейміз!

Top