СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ТАБИҒАТҚА ҮЙЛЕСТІРУ ИНСТИТУТЫ

«МҰНАЙ, ГАЗ ЖӘНЕ ТАУ-КЕН ІСІ» КАФЕДРАСЫ

Фотосурет

СЕКСЕНБАЙ МҰХАМЕДЖАН ЖАМАЛБАЙҰЛЫ

Қызметі кафедра меңгерушісі, доцент

Ғылыми дәрежесі техника ғылымдарының кандидаты

E-mail Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы корпус -6.1 , ауд.-428

Кафедра туралы

2021 жылы университеттің құрылымдық оңтайландыру саясатына сай «Мұнай- газ және тау-кен ісі» кафедрасы болып қайта құралған.

Бұл мамандықтардың негізі 1964 жылы Алматы қаласындағы В.И.Ленин атындағы Қазақ Политехникалық институтының Қаратау филиалынан бастау алады. Сол кездегі Қаратау өндірістік кешенін дамыту мақсатында тау-кен саласын игеруге байланысты мамандықтар алғаш рет ашылды, солардың ішінде «Жер-асты қазба байлықтарын игеру» сияқты мамандықтар болды.

1991 жылы Кеңестер Одағы таралған кезден бастап еліміздің оңтүстік өңірлері табиғи газдан таршылық көре бастады. Себебі, келісім-шарттар қайта қаралып, Өзбекстан тарапы жаңа талаптар қоя бастады. Табиғи газдың бағасы өсіп, қысқа мерзімде оның жетіспеушілігі туындады. Міне осы тұста Жамбыл облысындағы Амангелді газконденсатты кен орнын пайдалану күн талабындағы негізгі мәселеге айналды,осы мақсатта Амангелді газ кенорнын қайта барлау жұмыстары қолға алынды. Барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша кен орнындағы табиғи газдың қоры 20-25 млрд текше метр газды құрайтыны анықталып, Жамбыл облысының тұрғындарын табиғи газбен 30-40 жыл қамтамасыз етуге жеткілікті деп табылды.

Осы тұста Амангелді газдыконденсат кен орнын білікті мамандармен қамтамасыз ету сұрақтары туындады. Осы мәселені алғаш болып Қ.И.Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Техникалық университетінің Қаратау филиалы көтерді. Осыған орай оңтүстік өңірдің жастарынан осы салаға мамандар даярлау қажеттігі туындады. Сондықтан, сол кездегі қала, облыс басшыларының ұсыныстары бойынша ҚР БжҒ министрлігіне Қаратау қаласындағы ҚазҰТУ-нің филиалынан мұнай-газ саласы бойынша «Мұнай-газ кен орындарын игеру», «Мұнай-газ саласының машиналары мен жабдықтары» мамандықтарын ашуға сұраныс жасалды. Нәтижесінде ҚР БжҒМ 1996 жылы ҚазҰТУ-нің Қаратау филиалында аталған мамандықтарды даярлауға лицензия берді. Осы бір аса жауапты кезеңде сол кездегі филиал директоры ҚР еңбегі сіңірген қызметкері, профессор Мұрат Атайбекұлы Нұрлыбаевтың жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында 1997-1998 оқу жылында алғашқы талапкерлер қабылданды. Сол жылдардағы жоғары оқу орындарын реформалау саясатының негізінде Қаратау филиалы Тараз мемлекеттік университетінің құрамына еніп, аталған мамандықтар 1998 жылы Тараз қаласындағы ТарМУ-нің «Механика» факультетіне ауыстырылды. Бүгінде кафедрада 5 «Жоғары оқу орнының үздік оқытушылары» қызмет етеді.

«Мұнай газ және тау кен ісі» кафедрасының түлектері еліміздің мұнай -газ және тау- кен салаларында табысты еңбек етуде. Олар еліміздегі «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы; «Амангелді Газ» ЖШС; «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистралды газ құбырлар басқармасы; «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы; «Амангельді газ өңдеу зауыты» ЖШС Тараз филиалы; «Азия газ құбыры» ЖШС «Тараз» газ тасымалдау басқармасы; «Нефтехимприбор» ЖШС; «Казфосфат» ЖШС; «КнауфГипсТараз» ЖШС; «Алтыналмас» АҚ компанияларында қызмет етеді.

Кафедраның мақтан тұтар түлектеріне Исмайлова С.С. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Шымкент» магистралды газ құбырлар басқармасының басшысы;Бақбергенов А. «Амангелді Газ» ЖШС-нің директорының өндірістік жөніндегі орынбасары; Сапаев Ж. «Амангелді Газ» ЖШС-нің Геология бөлімінің басшысы; Оқшиев А. «Теңіз ШеврОйл» ЖШС-нің бас директорының жабдықтарды күрделі жөндеу жөніндегі кеңесшісі және басқа да осы саланың көптеген мамандары бар.

Жер қойнауын игеру мен пайдалану адамзат тіршілігіне байланысты қызметінің негізгі саласы. Адамдардың жер қыртысына әсер етуінің барлық түрлерін, ең алдымен пайдалы қазбаларды игеру, оларды бастапқы өңдеу, сондай-ақ тау-кен өндірісінің технологияларымен байланысты ғылыми зерттеулерді қамтиды.

"Мұнай-газ және тау-кен ісі" кафедрасының білім беру бағдарламаларының мақсаты-Жамбыл облысы мен Еліміздің оңтүстік өңірлерінің дамып келе жатқан өнеркәсіптік кәсіпорындарының сұранысына сәйкес құзыреттілікке ие бакалаврлар мен мұнай-газ және тау-кен өндіру саласына сапалы бакалаврлар дайындауды қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, "7М07203- Мұнай-газ инженериясы" 7М07205- «Тау-кен инженериясы» білім беру бағдарламалары бойынша білікті магистрлерді Schlumberger Eclipse бағдарламасы бойынша оқыту және халықаралық мұнай-газ кәсіпорындары инженерлері ұйымына (Societyof Petroleum Engineers) мүшелікке қол жеткізу.

Білім беру бағдарламалары

Бакалавриат:

6В07216-«Мұнай-газ инженериясы»

6В07217- «Мұнай және газды тасымалдау»

6В07221- «Тау-кенісі»

6В07223- «Мұнаймен газды өңдеу»

Магистратура:

7М07203 –«Мұнай-газ инженериясы»

7М07205- «Тау-кен инженериясы»

Кафедра құрамы
images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/Muhamedjan.jpg
Сексенбай Мұхамеджан Жамалбайұлы

Қызметі: Кафедра меңгерушісі, доцент

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

E-mail: mzh.seksenbaj@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/arman.jpg
Кабдушев Арман Арстангалиевич

Қызметі: доцент м.а.

Ғылыми дәрежесі: PhD доктор

E-mail: aa.kabdushev@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/isan.jpg
Тилегенов Исан Сапиұлы

Қызметі: профессор

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының докторы

E-mail: is.tilegenov@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/sagaybek.jpg
Мырзашев Сағатбек

Қызметі: профессор

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының докторы

E-mail: s.myrzashev@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/yuldashbay.jpg
Дарибаев Юлдашбай Абуевич

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: PhD доктор

E-mail: yua.daribayev@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/baurzhan.jpg
Манапбаев Бауыржан Жарқынбекұлы

Қызметі: доцент м.а.

Ғылыми дәрежесі: техника ғылымдарының кандидаты

E-mail: bzh.manapbayev@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/raygul.jpg
Тоқсамбаева Райгул Қаниханқызы

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: rk.toksambayeva@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/elmira.jpg
Алмаханова Эльмира Аязбаевна

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: yea.almakhanova@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/aijan.jpg
Бетжанова Айжан Жарылкасыновна

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: azh.betzhanova@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/birjan.jpg
Молдабеков Біржан Асемұлы

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: b.moldabekov@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/sarsenbaeva aijan.jpg
Сарсембаева Айжан Бекежановна

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: ab.sarsembayeva@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/atabek.jpg
Сайдуллаев Атабек Бахтиярұлы

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: a.sajdullaev@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/guknar.jpg
Қалымбекова Гүлнар Тәтенқызы

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: gt.kalymbekova@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/mukhtar.jpg
Тулеков Мухтар Такенович

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: mt.tulekov@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/danial.jpg
Исаков Даниял Ондасынович

Қызметі: аға оқытушы

Ғылыми дәрежесі: магистр

E-mail: do.issakov@dulaty.kz

images/_kafedry/OIL AND GAS AND MINING/gulnara.jpeg
Мажинова Гульнара Керимбаевна

Қызметі: зертхана меңгерушісі

Ғылыми дәрежесі: бакалавр

Серіктестер

«Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасындағы білім беру бағдарламалары бойынша, білім алатын студенттерді кәсіптік тәжірибеден өтулерін қамтамасыз ету үшін келесідей мекемелермен келісім шарт жасалынған:

  • -«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясы
  • -«Амангелді Газ» ЖШС
  • -«ИнтергазОрталық Азия» АҚ «Тараз» магистралды газ құбырлар басқармасы
  • -«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Жамбыл өндірістік филиалы
  • -«Амангельді газ өңдеузауыты» ЖШС Тараз филиалы
  • -«Азия газ құбыры» ЖШС «Тараз» газ тасымалдау басқармасы
  • -«Нефтехимприбор» ЖШС
  • -«Казфосфат» ЖШС
  • -«КнауфГипсТараз» ЖШС
  • -«Алтыналмас» АҚ
Бітіруші түлек моделі

6В07216-МҰНАЙ-ГАЗ ИНЖЕНЕРИЯСЫ

Білім беру бағдарламасын бітіруші мұнай және газ саласында келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

  • мұнайды, газды және конденсатты өндіру
  • мұнай мен газды дайындау және тұрақтандыру
  • ұңғымаларды зерттеу
  • мұнай мен газды дайындау және тасымалдау
  • ұңғымаларды жөндеу
  • ұңғымаларды сынау
  • технологиялық қондырғыларда

6В07217-МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗДЫ ТАСЫМАЛДАУ

Білім беру бағдарламасын бітіруші мұнай және газ саласында келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

  • магистральдық құбырлар
  • мұнай және газды тасымалдау
  • мұнай (газ)айдау станциялары
  • магистральды құбырларды пайдалану
  • мұнай мен газды тасымалдауға дайындау

6В07221-ТАУ-КЕН ІСІ

Білім беру бағдарламасын бітіруші тау-кен саласында келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

  • тас көмірді байыту
  • тас көмірді ашық тәсілмен өндіру
  • лигнитті (қоңыр көмірді) ашық тәсілмен өндіру
  • лигнитті (қоңыр көмірді) байыту
  • темір кендерін ашық әдіспен өндіру
  • уран және торий кенін өндіру
  • құрамында алюминий бар шикізатты өндіру және байыту
  • мыс кенін өндіру және байыту
  • қорғасын-мырыш кенін өндіру және байыту
  • никель-кобальт кендерін өндіру және байыту
  • титан-магний шикізатын (кенді) өндіру және байыту
  • қалайы кенін өндіру және байыту
  • сурьма-сынап кендерін өндіру және байыту
  • бағалы металдар мен сирек металдар кендерін өндіру
  • түсті металдардың өзге де кендерін өндіру
  • әрлеу және құрылыс тасын, әктасты, гипсті, борды және сланецті өндіру
  • химия өнеркәсібі және тыңайтқыштар өндірісі үшін минералды шикізатты өндіру

6В07223-МҰНАЙ МЕН ГАЗДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ

Осы білім беру бағдарламасының түлектері мұнай-газ саласында келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

  • инженер-мұнай химигі
  • инженер-химик (Мұнай және газ)
  • технологиялық қондырғылар жөніндегі инженер
  • ұзақ мерзімді техникалық қызмет көрсетуді жоспарлау жөніндегі инженер
  • инженер-технолог
  • инженер-зертханашы
  • резервуар инженері
  • сапа жөніндегі инженер
  • технологиялық қондырғыларды күрделі жөндеу координаторы

МАГИСТРАТУРА

7М07203-МҰНАЙ-ГАЗ ИНЖЕНЕРИЯСЫ

Білім беру бағдарламасын бітіруші мұнай және газ саласында келесі бағыттар бойынша жұмыс істей алады:

  • мұнайды, газды және конденсатты өндіру
  • мұнай мен газды дайындау және тұрақтандыру
  • ұңғымаларды зерттеу
  • мұнай мен газды дайындау және тасымалдау
  • ұңғымаларды жөндеу
  • ұңғымаларды сынау
  • технологиялық қондырғыларда
  • ғылыми зерттеу орталықтарында
  • ЖОО-да оқытушы
Мамандандырылған аккредиттеу туралы куәлік
Top