ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БӨЛІМІ

МАЖИБАЕВ АСЫЛЖАН КЕНЖЕКЕРЕЕВИЧ

МАЖИБАЕВ АСЫЛЖАН КЕНЖЕКЕРЕЕВИЧ

Бөлім басшысы, доцент

E-mail: ak.mazhibaev@dulaty.kz

Мекен-жайы: Төле би көш, 60, 2.3-207

Сұрақ қою
Қызмет бағыты

Оқу-әдістемелік бөлімі - М.Х. Дулати атындағы Тараз  университетінің құрылымдық бөлімі. Академиялық саясат жөніндегі  департаментке қарайды. Оқу-әдістемелік жұмыстарды  ұйымдастыру үшін ҚР БжҒМ нормативтік-құқықтық,  нұсқаулық және оқу-әдістемелік жұмыстар саласы бойынша Ғылыми кеңестің, ректораттың және Университет Жарғысының ішкі нормативтік құжаттарын  басшылыққа алады.

Бөлімнің негізгі мақсаты -  білім беру үрдісін жетілдіру, сапалы білім беру  үшін оқу- әдістемелік жұмысты ұйымдастыру, оқу әдістері мен оның белсенді үлгілерін, бүгінгі күнгі білім беру және ақпараттық-байланыс технологияларын меңгеру, жинақтау және тәжірибеге енгізу.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • Білім беру үдерісінде  оқу үдерісін ұйымдастыру және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
  • Білім беру бағдарламаларын Болон үдерісінің талаптарына сәйкес жобалауды ұйымдастыру;
  • Оқытушы-профессорлар құрамы әзірлеген оқу-әдістемелік материалдар мен білім бағдарламаларының мазмұнына сараптама жасау жұмыстарын  ұйымдастыру  және өткізу;
  • Университеттің перспективалық даму жоспарын дайындауға ұсыныс беру;
  • Оқу құжаттарын мемлекеттік және университеттік нормативтік базамен сәйкестендіру және бекітілген нормаларды сақтауды қадағалау;
  • Оқу үдерісінің  көрсеткіштеріне  жүйелі түрде  талдау  жасау.
Бөлімнің негізгі қызметтері
  • оқу үдерісін кредиттік оқыту жүйесі негізінде ұйымдастыру;
  • оқытушы-профессор құрамының (ОПҚ) оқу жүктемелерін  бекіту;
  • ОПҚ оқу жүктемелерін бөлу. Университеттің ішкі нормативті талаптарына сәйкес  және  кафедралардағы  штаттық кестенің өзгеруіне  байланысты қадағалау;
  • мамандықтар бойынша модульдік білім бағдарламаларын (ББ)  сараптамадан (ішкі, сыртқы, сапалы, техникалық) өткізуді  және бекітуді  ұйымдастыру;
  • ББ бойынша  Аттестациялық комиссиялар төрағаларының  тізімін құру;
  • студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыбын бекіту үшін бұйрықтың жобасын дайындау, жетекшісі  мен  рецензентін бекіту;   
  • «Қазақстанның қазіргі заман тарихы» пәні бойынша емтиханның, Аттестациялық комиссиялар төрағаларының, рецензенттердің ақысын төлеу бұйрығының жобасын дайындау;
  • студентердің қорытынды аттестациясын академиялық календарға сәйкес өткізілуін  ұйымдастыру және қадағалау;   
  • Бекітілген академиялық календарьмен, модульдік білім бағдарламаларымен (МОП),  жұмыстық оқу жоспарларымен (РУП)  құрылымдық бөлімдерді (факультет, кафедра)  қамтамасыз ету;
  • ҚР БжҒМ және университетте дайындалатын  нормативті-құқықтық құжаттарға ұсыныстар беру;
  • Университеттің оқу бөлімдерін нормативтік материалдармен,  мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартымен (ГОСО), ББ  типтік оқу жоспарларымен (ТУП)  және    Жалпы білім беру циклы пәндерінің  типтік  бағдарламаларымен  қамтамасыз  ету;
  • ОПҚ-ны мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (ГОСО) және типтік бағдарламаларды дайындауға  катыстыруды ұйымдастыру;
  • Таңдау пәндерінің  катологы бойынша  мәліметтер  базасын  құру  және  жаңалау, оқу  жоспарын дайындау  үшін ұсыныстар  енгізу;
  • Модульдік білім бағдарламасын безендіру, католог, силлабустар, оқу-әдістемелік  кешендер, оқулықтар мен оқу-құралдарын оқытудың кредиттік  технологиясына сәйкестендіру үшін әдістемелік  көмек беру және қадағалау;
  • Оқу үдерісіне заманауи оқу-әдістемелік және үлестірмелі материалдарды енгізу;
  • Оқу-әдістемелік жұмыстар бағытындағы ЖОО-ның озық тәжірибелерін зерттеу, жинақтау және тарату;
  • ОПҚ-ның ЖОО-ның мәселелері  бойынша  ғылыми-практикалық  конференцияларға  қатысуын ұйымдастыру.
  • Нормативті құжаттарға сәйкес  бланкті құжаттармен  қамтамасыз  ету;
  • Университеттің СМЖ-нің Халықаралық МС ИСО 9001:2015 талаптарына сай тұрақты жетілдірілуі және дайындауға қатысу, қолдау, енгізу.
Top