ЦИФРЛЫҚ АРХИВ

ТӨЛЕНОВ ЖАСҰЛАН ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

ТӨЛЕНОВ ЖАСҰЛАН ЖАҚСЫЛЫҚҰЛЫ

Цифрлық архив меңгерушісі

Байланыс телефоны: 87759332557

E-mail: zh.tolenov@dulaty.kz

Мекен-жайы: Төле би көш, 60, 2.5-210 каб.

Сұрақ қою
Бөлімнің мақсаттары мен міндеттері

Цифрлық мұрағат М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің (бұдан әрі - университет) университеттің құрылымдық бөлімі болып табылады және цифрлық архив құжаттарының хронологиясы 1950 жылдан қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды.

Цифрлық архив қызметінің мақсаты - практикалық және ғылыми маңызы бар университет қызметі процесінде қалыптасқан құжаттарды сақтауды, есепке алуды қамтамасыз ету процесіне әдістемелік басшылық жасау болып табылады.

Цифрлық мұрағат қызметінің негізгі қызметтік міндеттеріне жататындар:

- университеттің цифрлық мұрағатын университет қызметінің нәтижесінде пайда болатын құжаттармен толықтыру;

 - сақталуды қамтамасыз етуді есепке алу,  ғылыми-анықтамалық аппарат құру,    университеттің цифрлық мұрағатында уақытша сақталатын құжаттарды пайдалану;

- іс жүргізуде аяқталған құжаттарды қабылдау, есепке алу, сақтау, беру/қайтару, мерзімді іріктеу (есептен шығаруға және жоюға жататын):

- оқудан шығарылған студенттердің немесе бітірушілердің жеке істері;

- жұмыстан босатылғаннан кейін университет қызметкерлерінің жеке істері;

- бітірушілердің дипломдық жобалары (жұмыстары);

- түлектер тізімдемесі;

- студенттік құрам бойынша бұйрықтар;

-  жеке істерді беру туралы актілер;

- бухгалтерлік құжаттар;

- жалпы іс жүргізу: кіріс және шығыс құжаттар;

-университетте студенттің оқу фактісін растау бойынша Мемлекеттік органдардың сұраулары;

- студенттер ауысқан жағдайда басқа оқу орындарынан сұраныстар;

- іс жүргізуде аяқталған басқа да құжаттар;

- тапсырылған құжаттардың мониторингін жүзеге асыру.

Top