Мен, Сұлтанова Әсем, Ұстаз факультетінің «Шет тілдері оқытушыларын даярлау»мамандығының 3 курс студентімін. Мен Болгарияға көктемгі семестрге Erasmus+бағдарламасы бойынша оқуға бардым. Мен Софиядағы Әулие Клемент Охрид университетінде оқимын. Университет өте үлкен және көптеген факультеттер мен ғимараттар бар. Біздің педагогика факультетінің ғимараты Софияның орталығындағы басты ғимаратта орналасқан. Барлық мұғалімдер талапшыл, бірақ мейірімді. Әрқашан көмекке келуге дайын. Оқыту ағылшын тілінде жүргізіледі. Сабақтар негізінен пікірталас негізінде өткізіледі: белгілі бір тақырып қойылабы, оған дайындалып, келесі сабақта өз пікірімізді білдіреміз, басқа студенттермен талқылаймыз және тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береміз. Педагогика факультетінде Erasmus бағдарламасының студенттері бөлек ұсталады. Сабақтар болгар студенттерінен бөлек өткізіледі. Әдетте бір пәнге 4-5 студент келеді. Мұғалім әр оқушыға назар аударады, әркімнің өз пікірін айтуға және сұрақтарға жауап беруге уақыты бар.