Ұлттық Академиялық ұтқырлық бағдарламасы

Ұлттық Академиялық ұтқырлық бағдарламасы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің стратегиялық даму бағыттарының бірі. Қазіргі таңда университет сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық бағдарламаларын сәтті жүзеге асыруда.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламалары - студенттерді даярлау, сондай-ақ оқытушылар мен зерттеушілерді алдыңғы қатарлы қазақстандық ЖОО-да жұмыспен қамтамасыз ету.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы дегеніміз не?

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы – бұл білім алушы (студент, магистрант, докторант) немесе оқытушы-зерттеушінің белгілі бір академиялық мерзімге («оқу» немесе «өндірістік тәжірибесін» қоса есептегенде), яғни семестр немесе оқу жылында,  оқу немесе зерттеу жүргізу үшін басқа (қазақстандық немесе шетелдік)  ЖОО-на белгіленген тәртіпте, меңгерілген білім беру бағдарламасының кредиттер түрінде міндетті түрде өз ЖОО-да қайта сынақ тапсыруымен орын ауыстыруы.

Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық) академиялық ұтқырлық болып ажыратылады.

Академиялық ұтқырлықтың басты мақсаты - халықаралық стандарттарға сәйкес қазақстандық жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасының артықшылықтары қандай?

- Басқа қызмет салаларында қарым-қатынас пен оқу тәжірибесін алу;

- Тәжірибелік білім алып, болашақ маман ретінде біліктілігін арттыру;

- Ауызекі сөйлеу тілін жетілдіруде тәжірибе жинақтау;

- Әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін алу.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізімі:

  • студенттің өтініші;
  • оқу туралы келісім;
  • төлқұжат көшірмесі;
  • Фото 3*4 (4 дана);
  • ағымдағы транскрипт (университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
  • жеке оқу жоспары (ЖОЖ, университеттің ресми мөрімен куәландырылған);
  • Куратордың атынан мінездеме;
  • ұсыныс хат.

2022-2023 оқу жылының көктемгі семестрінде М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасымен 7 студент қабылданып, 10 студент жіберілді.

Ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде білім алушылар келесі университеттерінде білім алуда: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті;  Алматы технологиялық университеті; Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті; Ш. Уалиханов атындагы Көкшетау университеті; Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті; М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті; Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысушылардың пікірлері

Бауыржан Аяулым

«Шетел тілдері мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының

1 курс  студенті

Бауыржан Аяулым

Мен Бауыржан Аяулым екі шет тілі мамандығында оқимын. Қазіргі кезде Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Тараз қаласындағы М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде білім алудамын. Менен басқа осы бағдарлама арқылы келген әртүрлі қаланың студенттері де бар. Осындай бағдарламаны Дулати Университетімен келісіп ұйымдастырғаны үшін өзімнің Маңғыстау облысындағы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университетіне алғысымды білдіремін. Білікті оқытушылардың арқасында сабақтар әр апта сайын өте жоғары деңгейде өтіліп жатыр.

Оқытушылардың сабақ өтудегі тиімді әдіс тәсілдері сөздік қорды кеңейтуге мүмкіндік береді. Әрбір сабақ сайын мен өз білімімнің молайып, толыққанын аңғарамын.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы жақсы, өйткені адам өзін басқа жерде және жағдайда сынап көреді, мінезін тексереді. Сонымен қатар бұл көптеген жарқын әсерлер мен жаңа ақпараттар алуға мүмкіндік берді.

Тоғабоева Камшат

Сән дизайны» білім беру бағдарламасының

4 курс студенті

Тоғабоева Камшат

Менім есімім Тоғабоева Камшат Ергалиқызы. Өнер және спорт факультетінде 4 курста оқимын. Алматы технологиялық университетімен академиялық ұтқырлықты ұйымдастырғаны үшін біздің университетке алғысымды білдіргім келеді. Осы бағдарлама арқасында білімімді одан әрі тереңдетіп, білім нәрімен сусындап жатқаныма қуаныштымын. Алматы техналогиялық университетінен дизайн саласы жайлы тереңірек түсініп, өтіліп жатқан сабақтардың арқасында білімімізді жетілдіріп, киімді тігу жайында көптеген қызықты ақпараттарға қол жеткіздік. Оқытушылардың сауатты әдіс-тәсілдерге құрылған қадамдары материалды толық игеруге мумкіндік береді. Тек киім тігіп қана қоймай сонымен қатар алдығы жұмысымызға зор септігін тигізетін бағдарламалар үйреніп шықтық. Әр сабақ сайын білімімнің толығып жатқанына көзім жетті. Осындай мүмкіндіктер беріп жатқан университетіме алғыс!

Әтейбек Әлишер

«Тарих педагогтарын даярлау» білім беру бағдарламасының

1 курс магистранты

Әтейбек Әлишер 

 Мен Әтейбек Әлішер, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 1-ші курс магистрантымын. Мамандығым  «Тарих педагогтарын даярлау». Қазіргі таңда Академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Қарағанды қаласындағы Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде ресми түрде білім алудамын.

Оқу барысында әрбір қаладан келген студенттермен тілдесуге, жоғары мамандандырылған мұғалімдерден сабақ алуға, кітапханалардан заманауи, ағылшын және орыс тілдеріндегі кітаптарды қолдануға жұмыс жасауға мүмкіндік алудамын. Педагогикалық практика бойынша бакалавр студенттеріне сабақтар өткізіп, өзімді тәжірибелік-практикалық жағымнан дамыта алдым. 

Оқудан бөлек университет жағынан көптеген қызықты шаралардың куәсі болдым. Академиялық ұтқырлықпен осы университетке келу көп пайдасын тигізді.

Королев Руслан

Студент 3 курса

Образовательной программы «Технология продуктов питания»

Королев Руслан

Меня зовут Королев Руслан Александрович. Я студент образовательной программы 6В07215 - «Технология продовольственных продуктов» технологического факультета. В рамках программы Академической мобильности прошел обучение в Алматинском технологическом университете.

Семестр обучения в АТУ пошел на пользу, позволив углубить и расширить знания и практические навыки в области технологий пищевых производств. Уровень преподавания в Алматинском технологическом университете достаточно высокий: комфортные учебные зоны, современные лабораторные помещения Взаимодействуя с другими студентами и преподавателями, был приобретен бесценный опыт командной работы, улучшились презентационные навыки, так как каждое практическое задание выполнялось в виде кейсов. В заключение хотел бы выразить искреннюю благодарность Таразскому Региональному университету за предоставленную возможность обучения по программе Академической мобильности.

Top