Қорытынды конференция
2024 жылдың 22-24 мамыр аралығында Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты және Джизак политехникалық институтында (Өзбекстан) REILEАP жобасының қорытынды конференциясы өтті. Конференция жоба бойынша 3,5 жылда атқарылған жұмыстарды талқылауға бағытталды.
WP1 – Дайындық, WP2 және WP3 – Дамыту, WP4 – Сапа жоспары, WP5 – Тарату және пайдалану, WP6 – Жобаны басқару жұмыс пакеттерінің соңғы нәтижелері талқыланды. Бюджет шығындары қарастырылды. Және қорытынды есепті жазуға қатысты кеңестер берілді.
Конференция барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің өкілі, жобаның ұлттық және жергілікті үйлестіруші Бекжан Абзалбекұлы орталықтардың жұмыстары (М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті және Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті) және жоба бойынша атқарылған жұмыстарды баяндады.