Орталық Эразмус+ бағдарламасының толық қаржыландырылуымен заманауи құрылғылармен жабдықталған: 3D сканер, 3D принтер, былғарының динамикада суға төзімділігін сынауға арналған құрылғы, тігін машиналары, аяқ киім дайындамаларының бөлшектерін трафарет-кескіштер көмегімен кесетін тескіш пресс, 3D бағдарламаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін моноблоктар мен компьютерлер және де тағы басқа құрал-жабдытар.
Орталық тренерлері, яғни кафедра оқытушылары және де «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» білім беру бағдарламасының студенттері Грекия, Италия, Түркия, Румыния елдерінің жоғары оқу орындарында 2 апталық курстар негізінде біліктіліктерін арттырған.
Орталықтың ашылу салтанатына келесі университеттер өкілдері қатысты:
-Крит техникалық университеті, Грекия
-Георге Асаки Ясси техникалық университеті, Румыния
-Эге университеті, Түркия
-Creative Thinking Development, Грекия
-Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты, Өзбекстан
-Джизак политехникалық институты, Өзбекстан
-Өзбекстанның өнертапқыш әйелдер орталығы, Өзбекстан
-Узчармсаноат ассоцияциясы, Өзбекстан
-М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
Байдильдаева А.К.