Үшінші тренинг – Италия

2022 жылдың қараша айының 7 мен 18 жұлдыздары аралығында Италияның Падуя қаласында Politecnico Calzaturiero ұйымдастыруымен Эразмус+ REILEAP жобасының үшінші оқу тренингі орын алды. Тренингке Дулати университеті атынан Бекжан Абзалбекұлы, Гульзира Джумабекова, Светлана Бурдеева, Нурболат Ташшабаев, "6В07222-Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары" білім бағдарламасының 2 курс студенті Дәурен Қуатбек және 1 курс студенті Ердаулет Шілдехан қатысты.

Тренинг кезінде "Production management and process control", "Marketing", "Product Customization: tools for design", "Soft skills in manufacturing environment" тақырыптарында лекциялар оқытылды. Соңында сертификаттар табысталды.

Тренингке қатысушылары үшін «Museo della Calzatura Villa Foscarini Rossi Shoe Museum» аяқ киім тарихы мұражайы мен «Footwear Company HIM.CO» аяқ киім фабрикасына экскурсия ұйымдастырылды.

image003

image004

Top