ERASMUS+ 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP “REINFORCING CAPACITIES OF HEIS FOR LEATHER AND LEATHER PRODUCTS IN UZBEKISTAN-KAZAKHSTAN” ЖОБАСЫНЫҢ МОНИТОРИНГІ

2021 жылдың 15 желтоқсанында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде Эразмус+ REILEAP жобасының мониторингі өтті. Дулати университеті мен Әуезов университетінің командалары қатысқан мониторингті Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық кеңсесінің директоры Шайзада Тасболатова жүргізді.

Мониторингтің мақсаты – жобаны әзірлеудегі олқылықтар мен кемшіліктерді анықтау, мақсаттарға жету үшін қолданылатын басқару стратегиясын іске асыру мен бағалау.

Мониторинг барысында жобаның жұмыс пакеттерінің орындалу барысы талқыланды: WP1 - дайындау, WP2 - әзірлеу (оқыту), WP3 - әзірлеу (былғары бұйымдары орталығын ашу және жабдықтау), WP4 - сапа жоспары, WP5 - тарату және пайдалану, WP6 - жобаны басқару.

Сондай-ақ сапаны қамтамасыз ету сұрақтары, жоба нәтижелерін тарату, коммуникация әдістері, мүдделі тараптар мен мақсатты топтарды тарту, жобаның жеке және институционалдық деңгейдегі әсері және нәтижелердің тұрақтылығы қарастырылды.

REILEAP жобасының мониторингі нәтижесінде жоба серіктестері-Еуропалық одақтың тәжірибесі негізінде сапаны қамтамасыз ету саясатын, тұрақты дамуды және оқыту курстарының стратегияларын қайта қарау туралы шешім қабылданды.

2

Top