Қыздар да өз ойларын ортаға салып, өздеріне қажетті сұрақтарына жауап алды. Басқосуда «Сымсыз телефон» тақырыбында тренинг өткізілді. Қандай жағдай болмасын қыздар артынан сөз ертпеуі керек. Сезімге, эмоцияға берілмей өзіндік қасиетін сақтай білуі қажет.
Қыздар тәрбиесі қашанда өзекті
«Қызды қымтап ұстаған ұялмайды» деген сөз бар халқымызда. Оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсіруді парыз санайды. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «Қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Халқымыз «қыз-қонақ» деп, төрінен орын беріп, қыздарды алтынның сынығына балап өсірген. Жалпы бала тәрбиесіне, соның ішінде қыз бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Ата-бабаларымыз «қызға қырық үйден тыю, қала берсе қара күңнен тыю» деген мақалға қаншама ой сыйғызған.
Университетіміздің Е.Қонақбаев атындағы психологиялық-педагогикалық қолдау орталығының психологы Айгүл Абдрахманова №1 жатақхананың қыздарымен кездесті. Әңгіме арқауы – қыздар тәрбиесі. «Қыз бала тәрбиесі – ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында өткен кездесуде маман студенттерге өз кеңесін берді.