Әдеп жөніндегі Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарына және «Әдеп жөніндегі Кеңес» Ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Кеңес өз қызметінде заңдылық, объективтілік және әділдік қағидаттарын басшылыққа алады. Оның міндеттеріне Университет қызметінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту; Университет Жарғысын, ішкі тәртіп ережелерін бұзу, құқық бұзушылық фактілері бойынша қызметкерлер мен білім алушылардың өтініштерімен жұмыс жасау; құқық бұзушылықтарға, университеттің ішкі тәртіп ережелерін және Жарғысын бұзуға қарсы іс-қимыл мәселелерінде ЖОО ұжымының хабардар болуын қамтамасыз ету; Университеттің әкімшілігімен және қоғамдық ұйымдарымен бұзушылықтарға қарсы күресте және ұжымда кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруда өзара іс-қимыл жасау; құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың және білім алушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етудің түрлі нысандары мен әдістерін қолдану; тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қамтамасыз ету бойынша пікірлер мен ұсыныстар әзірлеу; Университетте құқық бұзушылық фактілерін анықтауға жәрдемдесу және анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша тәртіптік ықпал ету шараларына бастамашылық ету жатады.
Кеңестің тұрақты мүшелері ретінде Университеттің Әдеп жөніндегі өкілетті уәкілі, тәрбие жұмыстары және әлеуметік мәселелер жөніндегі проректоры Наурызбекова Альмара Еркінқызы, академиялық саясат департаментінің бастығы, факультет деканы, екі кафедра меңгерушісі, Ардагерлер Кеңесінің төрағасы, студенттік омбудсмен және студенттердің құқықтары жөніндегі уәкілі Қ.Ғ. Абдикаримов енгізілген. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышұлы дауыс беру құқығынсыз, бақылаушы ретінде Әдеп жөніндегі Кеңестің 5 отырысына қатысты.
Жұмысты жүйелі және талапқа сай жүргізу мақсатында «Әдеп жөніндегі Кеңестің» мәртебесі мен құзыреттілігін анықтайтын Ережесі мен 2020-2021жж.арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Құрылған кезден, осы уақыт аралығында «Әдеп бойынша Кеңестің» 17 отырысы өткізіліп, қызметкерлер мен студенттер тарпапынан келіп түскен шағым-хаттар талқыланып, университетте бекітілген тәртіп ережелерін сақтамаған профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлеріне тиісті шара қолдану жөнінде шешімдер қабылданып, ұсыныстар университет әкімшілігіне жолданып отырылды.
Атап айтсақ, Әдеп жөніндегі Кеңестің ұсынысымен бүгінгі күнге дейін университеттің 3 оқытушысы (Н.Конырбаев, Е.Бимурзаев, Л.Молдатаева) мен бір қызметкерімен №3 жатақхана коменданты (Л.Манапбаева) еңбек шарты тоқтатылды. 30 профессор оқытушылар мен 1 қызметкерге ескерту, 14 оқытушыға сөгіс, 1 оқытушыға қатаң сөгіс берілді. Сондай-ақ 15 профессор-оқытушыға ауызша ескерту жасалды.
Кеңес мүшелері 2020 жылдың қазан айының 16-28 аралығындаУниверситеттің Әдеп жөніндегі өкілетті уәкілі, тәрбие жұмыстары және әлеуметік мәселелер жөніндегі проректоры Наурызбекова Альмара Еркінқызының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт», «Дулати университетінің оқытушылары, қызметкерлерінің және білім алушыларының Академиялық адалдық ережесін» түсіндіру және насихаттау жұмысына белсене қатысып, университеттің құрылымдық бөлімдері қызметкерлері мен профессор-оқытушылар құрамымен кездесулер өткізді. Осы уақыт аралығында 24 тренинг өткізіліп, оған 1153 профессор-оқытушылар мен 989 қызметкерлер қатысты.
Түсіндіру жұмыстары туралы мәліметтердің барлығы университеттің ресми сайтында, https:www.dulaty.edu.kz және әлеуметтік желілерде жеке парақшаларда жарияланды.
Олар:
- Университеттің Әдеп жөніндегі өкілетті уәкілінің:
Instagram.tarmu_official
Facebook.groups/tarmu/
- Дулати университетінің жастар ісі жөніндегі комитетінің:
Instagram.tarmu_zhastary/
- Дулати университетінің студенттік омбудсменінің
Instagram.ombudsman_dulaty
- Университет факультеттерінің:
Instagram. tarru_feb_dulaty
Instagram.fgsn_dulaty
Instagram. tarsutehfac
Instagram.fitat_targu
Сонымен қатар, университетте оқытушылардың студенттермен жұмыс жасау барысында әдеп қағидаттарын сақтауға қатысты мәселелері бойынша 3 рет жүргізілген сауалнама нәтижелері мен қорытындылары Әдеп жөніндегі Кеңесте талқыланып, тиісті құрылымдық бөлімдер мен факультет декандарына барлық кафедраларда студенттерден онлайн форматта алынған сауалнама нәтижелері кафедра, факультет, институт мәжілістерінде қарастырылып, сауалнама нәтижелерінің қорытындысында аты-жөні қайталанып жүретін оқытушыларға қалыпты жағдай тудырмас үшін «Жұмыс берушіге» келісімшарт жасау кезінде осы жайтты ескеру ұсынылды. Бірінші сауалнамаға 3182, екінші сауалнамаға 1923, үшінші сауалнамаға 827 студент қатысқан. Осы уақытқа дейін 5302 студенттің пікірі сарапталды. Сондай-ақ оқу процесінде пәндердің дұрыс жүргізілуін, оның мазмұны мен сапасын талдау және жетілдіру бағытында «Студенттердің пәнді бағалауына» қатысты сауалнама жүргізіліп, білім алушылар тарапынан 1мыңнан аса бағалар мен ұсыныстар берілді.
Сонымен қатар, факультеттерде Академиялық адалдық және парасаттылық қағидаттарының жүзеге асырылуы туралы атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалау мақсатында Кеңестің әр айдағы отырысында бір факультет деканының осы бағыттағы Есебі тыңдалып отыр. 2021ж 11 ақпандағы Кеңестің №7 мәжілісінде Академиялық адалдық және парасаттылық қағидаттарының жүзеге асырылуы («Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стандарт», «Академиялық адалдық саясаты», «Оқытушының ар-намыс Кодексі», «Корпоративтік этика Кодесксі» құжаттары негізінде «Ақпараттық технологиялар және телекоммуникация» факультетінің деканы Г.И.Муратованың, 26 ақпандағы №8 мәжілісте «Мұнай, газ және механика» факультетінің деканы К.Қ.Шилібектің есептері тыңдалды. Алдағы уақытта қалған факульттер мен институттардың Есебін тыңдау жоспарлануда.
Жалпы факультеттердің есеп беруі орынды деп есептейміз, өйткені факультеттерде қандай да бір келеңсіз жағдайлардың алдын алуға байланысты жүргізіліліп жатқан іс-шаралардың маңызы өте зор.
Университетте профессор оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттердің ішкі тәртіп Ережелерін сақтауы, әдеп қағидаттарының бұзылуына жол бермеуі, академиялық адалдықты ұстануы, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көрінісіне нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында қабылданған «Дулати университетінің оқытушылары, қызметкерлерінің және білім алушыларының Академиялық адалдық ережесі», «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті студенттерінің Ар-намыс Кодексінің» және «Оқытушының ар-намыс Кодексінің» жаңартылған үлгілері Әдеп жөніндегі Кеңесте талқыланып, бекітуге ұсынылды. Аталған іс-шаралардың барлығы Әдеп жөніндегі Кеңестің университетте әдеп қағидаттарының, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуына, өзара қарым-қатынаста қызметкерлер арасында адамгершілік ұстанымдардың қалыптасуында маңызды рөл атқарып отырғандығын көрсетеді. Кеңес отырыстарына Басқарма төрағасы – Ректордың міндетін атқарушы Ержан Әмірбекұлының, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Төлебаев Равиль Қуанышұлының үнемі қатысып отыруы да Кеңес жұмысының қажеттілігі мен оның университет ұжымы мен студенттердің сеніміне ие болып келе жатқанының көрінісі деп айтуға болады.
Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Д.Кульбаева