Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен жұмыс

11-қарашада "Филология және журналистика" кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен жұмыс» тақырыбында В21Фил-3,5, В21Жур-3, В21Вебжур-3 топтарының студенттеріне №1 полиция бөлімінің аға полиция инспекторы Гүлшат Жетпісбайқызы Байназарова дәріс оқыды. Іс-шараға кафедра оқытушылары Түймебекова Ә.Ә., Мырзабаева Б.Д., А.С.Ануарбековалар атсалысты. Сонымен қатар аталған іс-шараға факультет деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Макимова Гүлбану қатысты.

Дәрісте кәмелеттік жасқа толмаған студенттерге ҚР әкімшілік-құқықтық Заңының 442, 434, 127 баптары түсіндірілді. 18 жасқа толмағандар түнгі 22.00-ден кейін көшеде, кафеде жүрсе, заңды өкілі әке-шешесі келгенше жіберілмейтіндігі, екі рет бұл жағдай қайталанған жағдайда 30000тг дейін айыппұл салынатындығы ескертілді. Пәтер жалдап тұратын студенттерге уақытша тіркеуді пәтер иелері жасауы міндетті екендігі де айтылды.
Көп қабатты үйлердің түнгі 22.00-ден таңғы 6.00-ге дейін тыныштығын алмау мәселесі де баса көрсетілді. Көшеде, корпус маңайындағы аулада шемішке шағу, темекі шегуге де әкімшілік айыппұл салынатындығы айтылды.

255029888 4357120251073690 6632818829815692346 n

255845580 4357120071073708 6048295606457881179 n

Айгүл Ануарбекова,

"Филология және журналистика" кафедрасының оқытушысы

Top