ЕСІМОВА ШОЛПАН АЛТЫНБЕКҚЫЗЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры.

1990-1995 жылдары Жамбыл гидромеллиоративтік-құрылыс институтын «АӨК салаларындағы Экономика және басқару» мамандығы бойынша үздік бітірді.

2010-2011 жылдары Шотландияда Эдинбург Университетінде, Солтүстік Ирландиядағы Ольстер университетінде, Лондондерриде біліктілігін арттырып, «Болашақ» бағдарламасы аясында мемлекеттік басқару бойынша ғылыми тағлымдамадан өтті.

Экономика ғылымдарының кандидаты, доктор.

1996 - 1997 жылдары Тараз мемлекеттік университетінің «Маркетинг және еңбек әлеуметтануы» кафедрасында оқытушы-тағылымдамашы болып жұмыс істеді.

1997 - 2000 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Экономика және халық шаруашылығын басқару» кафедрасында аспирантурада білім алды.

2000 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік басқару органдарындағы Менеджмент» кафедрасының әдіскері, доценті;

2002 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының Мемлекеттік басқару және Мемлекеттік қызмет теориясы мен практикасы ҒЗИ ғылыми қызметкері;

2003 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының ғылыми хатшысы;

2002 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясының «Мемлекеттік қызмет және менеджмент» кафедрасының меңгерушісі;

2005 – 2009 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Менеджмент және адам ресурстарын басқару» кафедрасының меңгерушісі;

2009 - 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының доценті қызметтерін атқарды.

2010 – 2012 жылдары «Болашақ» бағдарламасы аясында Ұлыбританиядағы Ольстер университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

2012 – 2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының профессоры, академияның Стратегиялық жоспарлау, зерттеу жобалары және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-ректоры;

2018 – 2021 жылдары А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің академиялық инновациялар және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі вице-президенті қызметтерін атқарды.

Astana IT University креативті индустрия мектебінің, Қарағанды индустриалды университетінің «Экономика және бизнес» кафедрасының профессоры, Астана Мемлекеттік қызмет хабының (БҰҰДБ) ұлттық консультанты.

Ғылыми Нұсқаулық

Мемлекеттік басқару бойынша 7 ғылым докторы, 40-тан астам магистр (MPA) дайындады.

Top