ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӘЛЕМДІК РУХАНИЯТ, ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

М.Х.Дулати  атындағы Тараз өңірлік  университеті Назарбаев Университеті (Астана қ.), Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей),  Карабюк университеті (Түркия),  Білім Сарапшыларының Қазақ Лигасымен бірлесе  2021 жылдың 26  ақпанында ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің  180 жылдығына  арналған  «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ: ӘЛЕМДІК РУХАНИЯТ, ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ» атты Екінші Халықаралық Педагогикалық Оқуларын өткізеді.

Екінші Халықаралық педагогикалық оқулардың мақсаты – Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау;  Қазақстанның рухани жаңғыру бағытында ұлттық сананы қалыптастыру; білім берудің жаһандану жағдайында педагогикалық кадрларды кәсіби дайындаудың теориялық-әдіснамалық негіздерін қарастыру; ғаламдық бәсекелестік ортадағы заманауи білім берудің жаңа парадигмалары аясында зияткер тұлғаны қалыптастыру; қашықтықтан оқыту жағдайындағы заманауи трендерді қарастыру;  Назарбаев зияткерлік мектептері мен   Назарбаев университетінің инновациялық  іс-тәжірибесін үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау; педагогтың шығармашылық әлеуетін жетілдіру; ХХІ  ғасырдың  сын-қатерлі  контексіндегі  қашықтықтан оқытудың ғылыми-әдістемелік деңгейін және білім сапасын арттыру жолдарын қарастыру; педагог кадрларды дайындаудағы  әлемдегі үздік  ЖОО инновациялық  іс-тәжірибесін зерделеу және т.б.

Екінші Халықаралық педагогикалық оқулардың  жұмыс жасау бағыттары:

  • Ағартушы педагог Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарасы: әлемдік руханият.
  • Қазақстан Республикасы білім беру мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін модернизациялау: педагогикалық білім берудің заманауи трендтері.
  • Жаһандық бәсекеге қабілетті педагогикалық кадрларды дайындауда қашықтықтан оқыту жүйесін ендіру және жүзеге асыру жолдары:өзекті мәселелері, сын-қатерлері және шешу жолдары.
  • Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру жолдары:әлемдік тәжірибе.

Екінші Халықаралық педагогикалық оқулары аясында «Инновациялық педагогикалық өнім-2021» тұсаукесері және «Үздік педагогикалық өнім-2021» байқаулары (онлайн форматта) өткізіледі:  

  1. «Ы.Алтынсариннің педагогикалық мұрасы: кеше, бүгін және ертең»  педагогикалық инновациялық өнім.
  2. «Пәннің үздік оқу-әдістемелік кешені.
  3. «Үздік портфолио.
  4. «Үздік оқулық».
  5. «Үздік оқу құралы, оқу-әдістемелік құрал».
  6. «Үздік электронды оқулық».
  7. «Үздік мультимедиалық өнім».
  8. «Үздік инновациялық сабақ (тәрбиелік іс-шара)».
  9. «Үздік ғылыми жоба».
  10. «Үздік авторлық  бағдарлама».
  11. «Үздік сабақ  жоспары».
  12. «Үздік тәрбиелік іс-шара жоспары».
  13. «Үздік шебер-сынып».
  14. «Мамандығым-мақтанышым» үздік  педагогикалық эссе.
  15. «Педагог мәртебесі» үздік постер.
  16. «Үздік  инновациялық әдістеме».
  17. «Үздік инновациялық технология».
  18. «Үздік инновациялық жоба».
  19. «Үздік мақала» байқаулары.
  20. «Үздік электронды оқу контенті»
  21. «Үздік оқыту платформасы»  және т.б. байқаулары.

Байқаудың мақсаты – креативті педагогтердің  инновациялық іс-тәжірибесін  үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау; педагогтердің  креативті әлеуетін жетілдіру.

Байқаудың міндеттері:

  • заманауи оқу-әдістемілік кешенінің сапасын арттыру және мазмұнын жаңарту;
  • инновациялық технологияны оқу-тәрбие процесіне тиімді ендірудегі озық тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату, насихаттау және жинақтау;
  • креативті педагогтердің жаңашыл бастамаларын қолдау, ғылыми әуелетін арттыру;
  • жаңашыл педагогтердің ғылыми әдістемелік белсенділігін ынталандыру;
  • өзара инновациялық тәжірибемен  алмасу.

Байқауға қойылатын талаптар:

  • байқауға ұсынылатын инновациялық өнімдер 2020 жылдың қаңтарынан 2021 жылдың ақпанына дейінгі аралықта дайындалған болуы керек;
  • басқа байқауға ұсынылған өнімдер қабылданбайды;
  • қорғауға 2-3 минуттық видео презентация дайындау қажет;
  • ұсынылатын жұмыстар мазмұны байқаудың мақсатына сәйкес келуі қажет:
  • жаңашылдық, ғылымилық, шығармашылдық, тәжірибеде қолданыс табуы.

Екінші Халықаралық педагогикалық оқулар аясында отандық және шетелдік  ғалымдардың авторлық курстары, жаңашыл педагогтердің шеберлік сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтер онлайн, офлайн форматта ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Екінші Халықаралық педагогикалық оқулары төмендегідей форматта ұйымдастырылады:

  • пленарлық мәжіліс - баяндамалар, педагогикалық оқудың резолюциясын қабылдау;
  • байқаудың қорытындысын жариялау, жеңімпаздарды марапаттау;
  • отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстары және шебер-сыныптары;
  • психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары;
  • онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;
  • секциялық мәжілістер;
  • инновациялық өнімдердің презентациясы.

Екінші Халықаралық педагогикалық оқуға қатысуға  арнайы шақырылады:

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО басшылары, тренер-әдіскерлері;
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдары және  «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері;
  • «Педагогикалық ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтері, болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары;
  • Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері.

Екінші Халықаралық педагогикалық оқуларының жұмыс тілдері қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті Педагогикалық оқулар материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Педагогикалық оқуларға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтардың Екінші Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушының тіркеу формасын электронды нұсқасын өткізу қажет. Мақалалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «Дулати университеті Екінші Халықаралық педагогикалық оқуларына ______ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады. Мысалы, қатысушы Ж.Н.Кумисбекова файл атын былай ұсынуына болады: Кумисбекова.doc немесе Кумисбекова.rtf.

Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2021 жылдың 25 ақпанына  дейін қабылданады. 

Екінші Халықаралық педагогикалық оқуларға қатысушыларға арнайы сертификатпен және 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Екінші Халықаралық педагогикалық оқуларына қатысушыларға табыс етіледі:

- педагогикалық оқудың бағдарламасы;

- педагогикалық оқуға қатысқаны үшін сертификат;

- отандық және шетелдік  танымал   ғалымдардың авторлық   курстарына  қатысқандары үшін халықаралық дәрежедегі АРНАЙЫ   СЕРТИФИКАТ;

- ІІ Халықаралық педагогикалық оқуларының жинағы;                                                       

- байқау жеңімпаздарына АРНАЙЫ ДИПЛОМ .

Ұйымдастыру жарнасы – 5 000 тг.

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақаланы  орналастыру  реттілігі:

  1. ӘОЖ индексі бірінші беттің жоғары сол жағына   қойылады.
  2. Мақаланың атауы.
  3. Авторлар туралы мәлімет (екі автордан артық емес): Автордың аты-жөні, әкесінің аты ( ғылыми  дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі),  мекеменің атауы және  орналасқан жері (егер мекеменің  атауынан бөлек болса),  авторлардың біреуінің e-mail. Аннотация: (100 сөзден артық емес:  мақсаты, міндеті, зерттеу нәтижелері және   қысқаша тұжырымдары).
  4. Кілтті сөздер (5-10 сөз).
  5. Мақала мәтіні төменде көрсетілген талаптарды қанағаттандыру керек.
  6. Библиография (пайдаланған әдебиеттер тізімі).
  7. Егер мақала  шетел тілінде  ұсынылған болса, онда  қазақ тілінде және ағылшын тілінде  берілуі тиіс: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, әкесінің аты,  аннотация,  кілтті сөздер (мақаланың соңында) .

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Мақаланың мәтіні және  тіркеу формасы WORD мәтіндік  редакторында   терілуі тиіс,  «Times New Roman» қаріпі,  тақырып қаріпі және негізгі мәтін шрифт өлшемі (кегль)  - 14, жоларалық интервал - бір, тасымалдаусыз,  жоғарғы өріс - 20 мм,  сол жақ  -  20 мм,  оң жақ - 20 мм  және төменгі өріс- 20 мм. Мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТ).
  2. Матариал көлемі 4 беттен кем болмауы  тиіс және  6 беттен аспауы керек (суреттеді қосқанда), А4  форматтағы көрсетілген мақала  көлеміне  мақала мәтіні, әдебиеттер тізімі,  кестелер және суреттер   кіреді.
  3. Мақала беттері нөмірленуі тиіс.
  4. Мақалада формула  (сурет, кестелер) номерленеді.
  5. Мақалада әдебиеттер көздеріне  сілтеме  жасалынуы тиіс. Әдебиет көздерінің  тізбесі  ГОСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес жасалынады. Мәтінде әдебиет көздеріне  сілтемелер квадрат  жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі  мәтінде қолдану ретімен көрсетіледі. Электронды тасымалдағыштарға да сілтеме  жасауға болады.
  6. Мәтіндегі сурет, кестелер сапалы жасалуы тиіс.  Жинақта  барлық  суреттер ақ-қара  түсте беріледі.
  7. Негізгі мақаладан кейін мақала авторы (-лары) туралы қысқаша мәлімет  15 жолға дейін). Берілетін мәліметте  автордың ғылыми-зерттеу аймағы, жұмыс орны, қызметі,  байланыс  ақпараты (телефон, электронды почта)   көрсетілуі тиіс.
  8. Материалды дайындауда осы талаптарды сақтамаған жағдайда материалды баспаға жіберу мерзімі ұлғаяды  немесе  мақаланы баспаға қабылдамауға негіз болады.
  9. Барлық жұмыстар антиплагиатқа тексереді, қажетті деңгей – авторлық мәтіннің 70% кем емес. Тексеруден өтпеген жұмыстар жариялауға жіберілмейді.
  10. Ұйымдастыру комитеті аитиплагиатқа тексеру, мақаланы іріктеу , редакциялау жұмыстарын  өзіне қалдырады.  
  11. Сканирленген төлемақы бойынша түбіртек және  мақаланы келесі элетронды почтаға  2021 жылдың 25 ақпанына дейін жіберу керек: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
  12. Электронды нұсқадағы файл атауы  төмендегідей  рәсімделеді: «Кумисбекова_заявка.doc»,«Кумисбекова_корешок.doc», «Кумисбекова_статья.doc», «Кумисбекова_презентация.ppt(x)», «Кумисбекова_ конкурс.doc».
  13. Мақалада көрсетілген ғылыми факті, дәйексөз, ғалымдардың аты-жөні және басқа да мәліметтердің шынайлылығы  бойынша  жауапкершілік авторда (-ларда)  қалдырылады.

Байқау критерийлері, Тіркеу формасы, Қаржылық реквизиттерді жүктеп алу

МАҚАЛАНЫ ТӨМЕНДЕГІ МЕКЕН-ЖАЙҒА ЖІБЕРІҢІЗДЕР:

080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би  даңғылы  62, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,  3.1оқу ғимараты, 208 каб.

(«Дулати университеті, Екінші Халықаралық  Педагогикалық оқуларға») деп көрсетілсін.

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Байланыс телефондары:

Бұзаубақова Клара Жайдарбекқызы –8 705 720 18 56.

Күмісбекова Жазира  Науатбекқызы –8 777 745 49 79.

Бегалиев Асу Туранович  – 87021719961.

Султаналиева Акмарал Арапбаевна – 87071630482.

Жұмыс телефоны: 8(7262) 42 63 91; 8(7262) 52 67 99

Top