Іс-шараға «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының кадр жұмысы басқармасының бастығы подполковник Е.Е. Қазыбаев, Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары полковник К.А. Симтиков қатысты.
Офицерлер түлектерді «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның негізгі ережелерімен таныстырып, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлерімен әскери құралымдары қатарында лайықты орын алуға шақырды.
Үгіт-насихат шарасының соңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы және Жамбыл облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілдері студенттердің сұрақтарына жауап берді.
]
]