Үгіт-насихат іс-шарасының соңында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы штабының өкілдері студенттер мен түлектерді қызықтыратын Қарулы Күштердегі бос лауазымдарға шақыру және одан әрі жұмысқа орналастыру бойынша барлық сұрақтарға жауап берді.
Әскери кафедраның жоғары курс түлектерімен және студенттерімен үгіт-насихат іс-шарасы
2023 жылғы 10 ақпанда әскери кафедраның акт залында 143 адамнан тұратын жоғары курс түлектерімен және студенттерімен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақыру бойынша үгіт-насихат іс-шарасы өтті.
Іс-шараға: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының кадр жұмысы басқармасының бастығы подполковник Е.Е. Қазыбаев және 28903 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары подполковник А.Ж. Ташкеев қатысты. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлер қолбасшысы басқармасының өкілдері ҚР Қарулы Күштері туралы баяндама жасап, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының негізгі ережелерін, армияның имиджі мен әскери қызмет өткерудің артықшылықтары туралы айтып, әскери қызметке шақыру үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша практикалық ұсыныстар берді және әскери кафедра түлектерін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдары қатарында лайықты орын алуға шақырды.