Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы

2022 жылы 10 қарашада әскери кафедра студенттерімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы тақырыбында цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен этикалық мәдениет деңгейі жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін әзірлемелермен таныстырды.

Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық туралы жалпы мәліметтер беру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған жол бермеу шараларын талқылау, студенттердің азаматтық ұстанымын, патриоттылығын қалыптастыру, саяси сауаттылығын арттыру.

 

Top