2022-2023 жаңа оқу жылына дайындық
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасының мәжілісінде әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттердің 2021-2022 оқу жылының қорытындысын шығарды. Әскери кафедра қызметкерлеріне келесі 2022-2023 оқу жылына оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттамаларын және оқытудың техникалық құралдарын дайындау міндеттері қойылды.