ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Қазіргі қоғамдағы дертті жағдайдың бірі – өз-өзіне қол жұмсайтындардың көбейіп бара жатқаны. Мамандар мұны әлеуметтік-психологиялық құбылыс деп анықтама бергенімен, бұл түйткілдің астары терең зерделеуді қажет ететін секілді.

14 наурыз күні Дулати университетінің әскери кафедрасында өткен «Өзіне-өзі қол жұмсау бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Суицидтік әрекеттерді жасаудың себептері мен шарттары» тақырыбындағы дәрісте осындай өзекті мәселелер айтылды.

Кафедраның аға оқытушысы отставкадағы подполковник У. Жұмабеков студенттерге қай кезде де сабыр сақтаудың маңызды екенін түсіндірді. Адам ашуға булығып тұрған сәтте жан-жағын жайпап жібермейінше жаны тынышталмайтындай көрінгенімен, біраз уақыт өткен соң, оның соншалықты мәні болмайтынын түсінеді. Қазіргі термин сөзбен жеткізсек, стресске төзімділікті арттыру, психикалық денсаулықты қолдау және нығайту, өзін-өзі реттеудегі тиімді мінез-құлық стратегияларының  қарапайым баламасы – сабыр сақтау.

2

3

Top