ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ

2021 жылдың 17 қарашасында әскери кафедра студенттерімен «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында әңгіме өткізілді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев 2018 жылдың 21 қарашасында Ақорда сайтында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жарияланғанын, оның басты назарында ел тарихы мен халықтың жаһандық тарихтағы рөлін объективті түсіну қажеттігі тұрғанын атап өтті.

Дәріскер мақалада қазақстандық даланың адамзатқа сыйға тартқан жеті нәрсе келтірілгенін атап өтті. Олардың қатарында атқа міну мәдениеті, Ұлы Даланың ежелгі металлургиясы, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі, Ұлы Жібек жолы, алма мен қызғалдақтың Отаны бар. Бұдан әрі мақаланың екінші бөлімі тарихи сананы жаңғыртуға арналған, онда Н.Ә. Назарбаев бірден бірнеше ірі жобаларды іске асыруды ұсынады. Олар дүниетанымның, Қазақстан халқының өткені, бүгіні және болашағының іргелі негіздерін ұғынуға көмектесуі тиіс.
Әңгіме студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Түрлі аспектілер бойынша көптеген сұрақтар қойылды.

 2

Top