ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕРІ КҮНІ
Қазақстан халықтарының тілдері күні аясында әскери кафедра студенттерімен 2020 жылдың 7 мен 9 қыркүйек аралығында қашықтықтан онлайн форматта әңгімелер өткізілді. Офицер-кураторлар Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың мәдениеті мен тарихы, қазақ тілінің дамуы мен таралуы, балаларды барлық халықтардың мәдениеті мен дәстүрін құрметтеу рухында тәрбиелеу туралы айтып берді.