Әскери ант
2020 жылдың 19 тамызында әскери кафедра студенттері санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, әскери кафедраның саптық алаңында салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Салтанатты іс-шарада «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы – Ректор педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Сарыбеков сөз сөйледі.
Іс-шара студенттердің взвод құрамында саптық әнді орындап жүріп өтуімен аяқталды.