Семинардың мақсаты — қатысушыларды ғылыми және оқу жұмыстарындағы плагиатпен күресудің заманауи әдістерімен таныстыру, сондай-ақ антиплагиаттық технологияларды тиімді қолдану бойынша практикалық ұсынымдар беру. Антиплагиат саласындағы сарапшы мәтіндердің түпнұсқалығын тексеруге арналған жаңа құралдар туралы өзекті ақпаратпен бөлісіп, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және жасанды интеллектті ғылыми әрі оқу жұмыстарында қолдану мәселелерін талқылады.
Семинар факультет оқытушылары арасында тәжірибе мен үздік практикалар алмасуға, сондай-ақ ғылыми және оқу материалдарының сапасын арттыру мәселелерін талқылауға арналған пайдалы алаңға айналды. Қатысушылар осындай бастамалардың жалғасуына және алынған білімді өз қызметтерінде қолдануға қызығушылықтарын білдірді.
«Антиплагиат – бұл жай ғана техникалық үдеріс емес, ол – ғылыми және білім беру мәдениетінің маңызды бөлігі. Мұндай іс-шаралар ғылыми жұмыстардың сапасын арттырып қана қоймай, университеттің институционалдық стандарттарын нығайтуға да ықпал етеді деп сенеміз», – деп атап өтті семинар ұйымдастырушылары.
Филология және гуманитарлық ғылымдар факультеті оқыту үдерісін жетілдіру және оқытушылар мен студенттер арасында академиялық этиканы дамыту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырып келеді. Осындай семинарлар аталған жұмыстың ажырамас бөлігіне айналуда.