Кураторлық сағатқа арнайы қонақ ретінде «Садыхан» консультациялық-диагностикалық орталығының медицина қызметкерлері:акушер-гинеколог Аманжолова Соледад Жақсылыққызы, психолог маман Барқыбай Бақыт Орынбасарқызы және факультетіміздің медбикесі Берікбай Аяужан Нұржанқызы қатысты.
«Садыхан» консультациялық-диагностикалық орталығының медицина қызметкері акушер-гинеколог Соледад Жақсылыққызыөз сөзінде қыздардың бойындағы ерекше қасиет ана болу мәселесі туралы ашық түрде әңгіме жүргізіп,студенттерге көптеген пайдалы кеңестер айтты. Кеңес беру барысында акушер-гинеколог Аманжолова Соледад Жақсылыққызы қыздардың гигиена талаптарын сақтауымен қатар,өздерінің бөлмелерінде де тазалықты қатаң сақтау керек екендігін атап өтті.
Психолог-маман Барқыбай Бақыт Орынбасарқызыстуденттерге психологиялық тұрғыдан кеңес бере отырып, қыз балаларға жақсы мінез, салауатты өмір салтын сақтауды қалыптастыру және өздерінің жеке бастарына дұрыс күтім жасау қажет екендігіне тоқталды.Бақыт Орынбасарқызы гинекологиялық сауаттылықты студенттерге таныстыру мақсатында дайындап келген видео-роликпен бөлісті. Қыз баланың мәртебесі әркезде де биік, орнының жоғары екендігін түсіндіре отырып, топстуденттерімен өте қызықты психологиялық тренингөткізді.
Өз сөзін Бақыт Орынбасарқызы қыз баласы денсаулықты күте білуі керек және қыз баланың денсаулығы дұрыс болуы үшін, салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды іс-әрекеттерден аулақ болуы керек және әрбір қыз баласының тағдыры қоғам үшін маңызды болуы қажет,-тұжырымдады.
Факультет медбикесі Берікбай Аяужан Нұржанқызы дақыз баланың денсаулығын сақтау — оның болашақ өміріне, аналық қызметіне, әрі тұлғалық дамуына негіз болатын маңызды міндет,-деді.
Топ студенттері куратор сағатынабелсене араласып,ойларын ортаға салып, дәрігер-мамандарға тақырыпқа байланысты сұрақтарын қойып, сұрақтарына нақты жауаптарын алды.
Топ кураторы Эльмира Аманжолқызы«Қазақ халқы қашан да қыз балаға ерекше көзқараспен қарап, оны елдің, ұрпақтың, болашақтың аманаты деп білген. Қыз – болашақ ана. Ананың денсаулығы жақсы болса, ұрпақ та саналы, ал ұрпақ саналы болса, ұлттың келешегі кемел болмақ,-дей отырып, келелі ойлары мен ұтымды пікірлерімен бөліскен дәрігер-мамандарға алғысын білдірді.