Шараның басты мақсаты – жастарды поэзияға баулу, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және махаббат тақырыбын өлең арқылы өрнектеу болды.
Сайыс екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде жас ақындар өз шығармашылығынан өлең оқыса, екінші кезеңде оларға берілген тақырып бойынша сол сәтте өлең жазу тапсырмасы берілді. Ақындардың өнерін бағалаған қазылар алқасы олардың сөз шеберлігіне, өлең құрылымының ұйқастарына және жалпы ақындық шеберлігіне ерекше назар аударды. Жас ақындарымыз жүлделі орындармен марапатталды.
Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендерге әсерлі кеш сыйлады.