Тәуелсіздік - тұғырым
02.12.2024 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Орыс тілі мен әдебиет» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Л.Н. Ибраимованың ұйымдастыруымен «Алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау» және «Музыкалық білім беру мұғалімдерін даярлау» мамандықтары студенттерімен «Тәуелсіздік тұғырым!» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Тәрбиелік іс-шара мақсаты- студент жастардың тәуелсіз еліміздің тарихына деген ұлттық көзқарастарын қалыптастыру, студент жастарды Отанын сүюге және егемен елімізді сақтауға – қуаты мол жастарды тәрбиелеу. Өткеніміз бен болашағымызды ұлықтау.
Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің даму көрсеткішінің, яғни,экономика және басқа бағыттардың өсу деңгейі, көтерілу мен қайта жаңғырудың нақты қадамы, атаулы тарихи кезеңі.
Кең байтақ еліміз ғасырлар бойы отарлықтың құрсауында болып, кеңестік империя күйрегеннен кейін Қазақ елі тәуелсіздікке ие болды. Сол жылдары егемендігіміздің дәлелі алғашқы Конституциямыз бекітілді, Қазақстан Республикасы дербес мемлекет ретінде әлемде орны айқындала бастады.
Ата бабамыз аңсаған егемендік 1991- жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіздік күнін тудырды. 16 Желтоқсан- тарихи мағыналы мереке. Тәуелсіздік — халықтың ұлттық құндылығы, ұлттың тарихы мен тілі.
Бұл күн тәуелсіз мемлекетіміз үшін – біртұтас елдіктің, ынтымақтастық, татулықтың белгісі, сонымен қатар өткен тарихымызға тағзым, болашаққа деген зор үміт пен сенім деуге болады.
Мемлекетіміз егеменді ел болғалы ғылым, білім, мәдениет салаларында жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.
Тәуелсіздігіміздің айнасы- жастар. Ел жастары- жарқын болашақтың кепілі.
Әдеби-музыкалық кешке Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық факультеті деканы М. Нурпейсов, Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы А.Н.Тұрарова, еңбек ардагерлері және оқытушылар қатысып, өз ойларын ортаға салды. Студенттердің орындауында авторлық өлеңдер мен мерекелік концерттік бағдарлама қатысушылар мен қонақтардың назарына ұсынылды.
П.ғ.к., доцент Ибраимова Лескуль Нусупкуловна