Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттық киімді дәріптеу мақсатында іс-шара өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты ұлттық құндылықты дәріптеу ,қазақи дәстүрді жаңғырту болып табылады. Ұлттық киімнің сәнге айналған тұстары да жоқ емес.Шекелік,шашбау,алқа,білезік сақина да ұлттық киімге сән беретін өрнектер.Ұлттық нақыштағы ою-өрнектер туралы студенттер өз ойымен бөлісті. Ұлттық нақыштағы әр киімге тоқталып, маусымдық маңызы, атқарар рөлі, символикалық астары да кеңінен баяндалынды. Қазақи киімнің эстетикалық танымы ,бояуы мен болмысы қазақ халқының қайнаған салт-дәстүрінің көрінісімен қатар байқалады.Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының білімгерлері қазақтың ұлттық идеологиясын насихаттайтын қозғаушы күш деп ой түйді іс шара соңында