ЖОО мен орта білім беру мекемелерімен ынтымақтастық жалғасуда

Қазіргі уақытта білім беру негізі, маңызды әрі тиімді тәсілдердің бірі – онлайн және оффлайн жүйесінің бір-бірімен сабақтастығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Жақсы үрдістің іске асуы ЖОО оқытушылары мен мектеп мұғалімдерінің тәжірибе алмасуымен тығыз байланысты.

Осы орайда, «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы жыл сайын, ынтымақтастық және біліктілікті арттыру, кәсіптік бағдар жұмысын жасау мақсатында, облыс және қала мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған семинарлар ұйымдастырып отырады.

 Жүйелі түрде ұйымдастырылып, дәстүрге айналған үрдіс биыл да өз міндетін орындады. Кезекті семинар тақырыбы «Theory and practice in teaching EFL in offline and online classes» («Ағылшын тілін онлайн және оффлайн жүйесінде оқытудың теориясы мен тәжірибесі») – заманауи әрі өзекті тақырыптардың бірі. Семинарға облыстық және қалалық-ауылдық орта мектептер мен колледж мұғалімдері қатысты. Аталмыш іс-шараның ерекшелігі ретінде мектеп мұғалімдерінің өз тәжірибелерімен бөлісуін атап өтуге болады.

Іс-шара «Практикалық шетел тілдері» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. М.В.Новожилованың алғы сөзімен басталды.

1

«Gamification in teaching English» тақырыбындағы алғашқы баяндама кафедра оқытушылары А.С.Абилдаева мен Ш.Ш.Өтебаева тарапынан орындалды. Баяндамада сабақ мақсатына жету үшін қолданылатын ойын түрлері мен оқушылардың қызығушылығын арттыратын ойын түрлері, олардың пайдасы сипатталып, мұғалімдермен кейбірі ойнатылды.

Кафедра оқытушысы А.М.Наурызбаева «Feedback strategies from students to teacher» тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Ол ағылшын тілі сабағында оқытушы мен студент арасындағы кері байланыстың қажеттілігі мен пайдасы жайында тәжірибе көрсетті.

C.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектеп мұғалімдері Нұрбаева Ж.Р. мен Абеева М.А. «Planning and conducting a training session on BOPPPS model» тақырыбында жасаған баяндамасында BOPPPS моделінде сабақты алдыңғы өтілген тақырыптармен байланыстыра отырып қалай қызықты жоспарлауға, оны оқушыларға түсінікті жеткізе білуге болатындығы түсіндірілді.

Ағылшын тілі сабақтарының құрылымы жайында кафедрамыздың оқытушысы Ибрагимов М.Ф. «Framework in English lessons» тақырыбында өз баяндамасын жасады. Оқытушы сабаққа қойылатын талаптарға сай құрылым түрлеріне тоқталып, олардың сабақ нәтижесінің сапалы әрі жемісті болар тұстарына баса назар аударды.

Кез-келген семинар, әрине, жасалған іс-шараның тиімді не тиімсіз жақтарын сараптайтын, қатысушылардың пікір-ұсыныстарын білдіретін кері байланыс сауалнамасын толтырумен аяқталады. Бұл семинар қатысушылары да кері байланыстан тыс қалмады. Сауалнама нәтижесі қатысушылардың мақсаты шет тілдерін оқытудағы түрлі әдістерді пайдалануда жаңа білім алу және біліктілікті көтеру екендігін  көрсетті.

Семинарға қатысушы барлық мұғалімдер мен оқытушылар сертификатқа ие болды.

Студенттер мен оқушылардың ағылшын тілін үйренудегі қызығушылықтарын  арттыруға арналған әртүрлі онлайн және оффлайн ресурстарын қолдану жайлы қолжетімді түрде мәлімет алып, тәжірибе бөліскен мектеп мұғалімдері семинар ұйымдастырушыларына өз алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да сабақтастықтың үзілмеуін ниет етіп, өз алғыстарын жеткізді.

2

3

4

5

«Практикалық шетел тілдері» кафедрасы

аға оқытушы Алтынбекова Д.А.

Top