ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖАС МАМАН- 2021» ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘРМЕҢКЕСІ

өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы

мерзімі: 25/02/2021ж

2021 жылдың 26 ақпанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен биылғы жылы университет бітіретін түлектермен жұмыс берушілердің «Жас маман- 2021» атты кездесу жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ф.ғ.к., Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы ашты. Іс-шараға К.Әзірбаев атындағы Облыстық филомонияның көркемдік жетекшісі ҚР  мәдениет саласының үздігі, Шапағат медалінің иегері, «Мерей» продюсерлік орталығының директоры Мусапанов Әріпай Муханұлы, «Алатау» фольклорлық ансамбілінің көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, көптеген халықаралық конкурстардың лауряты  Дастан Көреген, Қазақ ұлттық-аспаптар  оркестірінің көркемдік жетекшісі халықаралық конкурстардың лауреаты,  Байзилдаев Дулат Боранбайұлы, Мұхтар Рахманқұлов ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл обл  құрметті азаматы, «Балауса» цирк ұжымының жетекшісі Талғат Жорабекұлы Альчикенов, балетмейстр Айжан Қонарбаева, «Кәусар» вокалдық тобының  жетекшісі  Усенова Назима Әбдекерімқызы, Аскар Тоқпанов атындағы Облыстық қазақ драма театрының актеры Қырықбаев Жандар, Облыстық қазақ драма театрының жоғары дәрежелі әртісі Индира  Мустафаева қатысты.

Келген қонақтар өз ойларымен бөлісіп, болашақта Тараз өңірлік университеті қабырғасынан ұлттық-аспаптар мамандығын дайындайтын мамандықтар ашылса деді. Келген қонақтарға 1-4 курс студентері арнайы дайындаған өнерлерін көрсетті. Мұндай шаралар түлектер үшін де, жұмыс берушілер үшін де маңызды.

Мақсаты:   Бос жұмыс орны жәрмеңкесінің мақсаты – жұмыс беруші мен өтініш берушінің арасында тікелей байланыс орнату арқылы білім ордасы бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына ықпал жасау.

 
 
Top