ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында Амангелді орта мектебінің ұстаздарына 06.01.21 ж. мерзімінде  «Қашықтан білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбына Zoom платформасында «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің оқытушылары ұйымдастыруымен  аймақтық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өткізілді.

Онда «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Н.П.Қалымбетова  «Создание онлайн обучающих курсов» тақырыбында баяндама оқыса, п.ғ.к., доцент Б.С.Асанкулова оқу процесінде пайдаланып жүрген әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, электронды оқу үлгілерін көрсетті. Сонымен қатар аға оқытушылар Ж.Е.Айнакулова, Г.Т.Макимова,Л.К.Омаркулова қашықтан білім берудегі пайдаланып жүрген заманауи технологияларымен таныстырып, қатысушыларға көптеген жаңа бағдарламаларда жұмыс жасау жолын көрсетті. Семинар барысында «Google classroom», «Alberta», «Movavi» бағдарламасының артықшылықтары туралы айтылды.

«ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ОРЫС ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ  Л.К.ОМАРКУЛОВА

Top