Көлік техникасы және технологиялар кафедрасы

Көлік техникасы және технологиялар кафедрасы 

879789

 

 

Баймуратов Даурен Шарипович

кафедра меңгерушісі

Байланыс телефон: 8 (7262) 42-63-07

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Сатпаев көшесі, 28

 

«Көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы 1973 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «Тракторлар және автомобильдер» кафедрасының негізінде құрылып, ол «Машина жөндеу» кафедрасы деп аталды. Оның меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты, жас ғалым Қазиолла Ерікенұлы Қубаев тағайындалды. Сол кездегі кафедрада қызмет еткендер: т.ғ.к.: Альмуханов А.А., Дубский Ю.В., Хе И.Н., аға оқытушы Бектілеуов Ш.Е., ассистенттер: Мусина М.И., Крылов В.С., Бутабаев М.Х.
1985 жылы кафедраның аталуы «Машиналарды пайдалану және жөндеу» деп өзгертіліп, оның меңгерушісі болып т.ғ.к., доцент Крещик Василий Андреевич тағайындалды.
1994 жылы 2805–«Автомобильдер және машиналарды жөндеу» мамандығы ашылғаннан кейін кафедраның аталуы «Автомобильдер және машиналарды пайдалану» деп өзгертіліп,  оның меңгерушісі болып, конкурстан өткен, т.ғ.к., доцент Омаров Еділбек Омарұлы тағайындалды. Ол кафедраны 1997 жылға дейін (яғни 3 жыл) басқарды. Кафедрада 1514– «Мелиоративті жұмыстарды механикаландыру» және 2805–«Автомобильдер  және автомобиль шаруашылығы» деген екі мамандық бойынша білімгерлер дайындап, шығарылды.
1997–2000 жылдар арасында кафедраға т.ғ.к., доцент Аязбай Марат Ділдабекұлы басшылық етті. 1999 жылы 3004–«Жол қозғалысын ұйымдастыру» деген мамандық ашылып, бұл мамандықтың алғашқы түлектері 2004 жылы бітіріп шықты.
2000 жылдан бері бүгінгі таңға дейін кафедраның меңгерушісі болып т.ғ.к., профессор Семернин Александр Николаевич қызмет етіп келеді.
2004 жылы, мамандықтар бакалавриятының жаңа классификаторына өтуіне байланысты, мамандықтар жаңаша аталатын болды: 050713 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар», 050901 «Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану».
Осыған орай, 2005 жылдың мамыр айынан бастап кафедра «Көлік техникасы және технологиялар» деп аталып келеді.
Кафедра заманауи материальдық-техникалық базаға ие болып, ол 7 мамандандырылған зертханалар мен 4 мамандандырылған кабинеттерді қамтиды. Мамандандырылған зертханалар мен кабинеттер қажет болған стендтермен, макеттермен, қозғалтқыштармен және техниканы жөндеу және сынауға арналған жабдықтармен жарақталған. Олардың барлығы жұмыс істеп тұр.
Кафедра құрылғаннан бері онда 3004–«Жол қозғалысын ұйымдастыру» мамандығы бойынша 300-ге жуық, ал 2805–«Автомобильдер  және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша 900-ден астам мамандарды дайындап шығарылды.
Қафедрада қазіргі уақытта 175 білімгер күндізгі бөлімде, 225 білімгер сырттай және қашықтықтан оқыту бөлімінде білім алуда. Соңғы үш жылда кафедра оқытушы-профессорлар құрамы тарапынан 7 оқу құралы, 56 оқу-әдістемелік кешен, 32 оқу бағдарламасы жазылып, 40-тан астам ғылыми сипаттағы мақалалар мен аналитикалық шолу баспадан шығарылды. Сондай-ақ, кітапханаға 50 аталымнан артық әр түрлі техникалық әдебиеттер алынды.
Түрлі жылдарда кафедрада қызмет атқарғандар: профессор Омаров Е.О., доценттер: Ыбырай Д.М., Саткей Б.С., Адилов А.А., Тындыбеков М.Т., Дубский Ю.В., Аязбай М.Д., Ибилдаев Б.К., Ибылдаев М.Х., Имандосов А.Т., Қоқаев Ө.Ш.; аға оқытушылар: Терликбаев Б.М., Бутабаев М.Х., Палымбетов Ш.Б., Калиев С.Т., Жаманбаев Б.У.; ассистент Сарсенбай О.Ж. Оқу-жәрдемші персоналдар: Нуртазаев А.Б., лаборанттар Алпысбаева М.К., Байназаров  Ұ.А.
Түрлі жылдардағы кафедра меңгерушілері болып қызмет атқарғандар: Омаров Еділбек Омарұлы − 1994-1997 жж., Аязбай Марат Ділдабекұлы − 1997-2000 жж., Семернин Александр Николаевич  − 2000 жылдан осы уақытқа дейін.
Қазіргі уақытта кафедра бакалавриат және магистратура мамандығы бойынша мамандар дайындап, шығарады:
5В071300    «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»;
5В090100  –  «Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану;
6М071300 «Көлік, көлік техникасы және технологиялар»;
6М090100 «Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
 «Газоэлектросварщиктер» дайындайды.
Кафедрада «Тұлпар» ғылыми-өндірістік орталығы қызмет атқарады, онда жұмысшы кәсібі бойынша «В категориялы» жүргізушілері дайындалып және оқытушылар мен студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындысы бойынша 14 студент «Зерттеуші-студент» біліктілігін алды: Байтик А, Сарымсаков З., Пак К., Смагулов Б., Бубенчиков А., Балицкий А., Рашидов Д., Маткеримова С., Есиркепов М. және басқалары.
Кафедра мамандықтар бойынша базалық пән болып табылатын 52 негізгі пәндерден білімгерлерге білім береді. Барлық пәндер қажетті ғылыми-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз етілген.
Оқыту процесі үшін қызмет ететін арнайыландырған 7 зертхана және 6 арнайыландырылған кабинеттер бар, олар төмендегіше аталады:
3.0-102     «Жанармай аппаратурасы және электржабдықтары» зертхана;
3.0-105     «Автомобильдерде пайдаланатын материалдар» зертхана;
3.0-112а   «Іштен жанатын қозғалтқыштар» зертхана;
3.0-112б   «Автомобильдер мен тракторлардың шассиі» зертхана;
3.0-112в   «Іштен жанатын қозғалтқыштарды сынау» зертхана;
3.0-113     «Машина тораптары мен агрегаттарын жөндеу» зертхана;
3.0-114     «Бөлшектерді қалпына келтіру» зертхана;
3.0-103     «Жол жағдайлары және қозғалыс қауіпсіздгі» кабинеті;
6.1-321     «Темір жол көлігі» кабинеті;
6.1-322     «Темір жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары» кабинеті;
6.1-323     «Көлік құралдарының қауіпсіздігі» кабинеті;
6.1-324     «Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары» кабинеті;
6.1-327     «Көліктік логистика» кабинеті.
Бакалаврият пен магистратураның барлық пәндері бойынша 4 профессор, 4 доцент, 4 ағ оқытушы және 2 оқытушы дәріс береді. Жас оқытушылардың Қара Ғ.С., Жаманбаев Б.У., Семернин Н.А., Қазыбеков А.К., Рахманов Ф. магистрлік дәрежесін алды.
Оқу-зертханалық базаға зертхана меңгерушісі, оқу шебері және лаборант қызмет көрсетеді.
2010-2011 оқу жылының қорытындысы бойынша «Көлік, көлік техникасы және технологиялар» кафедрасы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 38 кафедрасының ішінде бірінші орынды иеледі, ал кафедра меңгерушісі профессор Семернин Александр Николаевич университеттің озат меңгерушісі болды.
Кафежра оқытушылары «ЖООның үздік мультимедиялық өнімі» конкурсына қатысып, оның нәтижесі бойынша «Пәннің инновациялық толықтырылуы» және «Ең үздік флипчарт» номинацияларынан оқытушылар Имандосов А.Т., Семернин А.Н., Семернин Н.А., Қара Ғалым бірінші, екінші және үшінші орындарды жеңіп алды.
Соңғы жылдары кафедрада 6М071300-«Көлік, көлік техникасы және технологиялар» және 6М090100-«Тасымалдауды, жол қозғалысын ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығы бойынша 20 аса магистрантар дайындалған.

Top