Екі жақты меморандумға қол қойылды

"Qazaqgaz барлау және өндіру Амангелді ЖШС" мен «Дулати» университетінің арасында екі жақты мемарандумға қол қойылды.

Кездесудің негізгі мақсаты– дуалды оқыту бағдарламасын іске асыру боынша келісім-шарт жасасу. Аталған жиынға университет тарапынан Басқарма төрағасы-Ректор Мұхтар Байжұманов мен басқарама Мүшесі-ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев және академиялық жұмыстар жөніндегі департамант директоры Сауле Алимбекова, ал өндірістен мекеменің Бас директоры Алмас Қуандықов, директордың өндірістік ісі бойынша орынбасары Аңсар Бақбергенов, персоналды басқару бөлімінің жетекшісі Алия Худибаева, сонымен қатар «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

келысым

Кездесу барысында дуалды оқыту жүйесі бойынша үш жақты келісім-шартқа қол қойылып, «Мұнай газ инжинериясы» білім беру бағдарламасының 4-ші курс студенттері Бауыржан Әмірханов және Ернұр Нұржау "Qazaqgaz барлау және өндіру ЖШС Амангелді"филиалына дуалды оқыту бағдарламасы негізінде еңбек-ақысы төленетін өндірістік оқытуға жіберілді.

Мекеменің өндірістік ісі бойынша орынбасары Аңсар Бақбергенов тағылымдамадан өтушілерді «3 разрядты ұңғыларды зерттеу Операторы» бағдарламасымен таныстырды. Осы келісім-шарттың негізінде өндірістік тағылымдамадан өтушілерді аталған білім беру бағдарламасы бойынша білім мен дағдыларды алуға жауапкершілікпен қарауға шақырды. 

Келісім-шарт бойынша тағылымдамадан өтушілердің дуалды оқыту шеңберінде өндірістік оқыту мен төжірибеден өту кезеңі белгіленіп, аталған студенттер сол күні екі апталық (вахта) өндірістік тағлымдамадан өтуге кетті.

Бұл студенттердің оқу орнын аяқтағаннан кейін осы мекемеде тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндіктері жоғары екені ескертілді.Жиын барысында оқытушылар мен студенттер тарапынан қызығушылық жоғары болып, бірқатар сұрақтар қойылып, оларға жауаптар алынды.

Болашақта «QazaqGaz» барлау және өндіру ЖШС-і мекемесінің басшылығы бұл іс-шара ары қарай жалғасатынын айтып, алдағы уақыттарда «Дулати» университетінің «Мұнай-газ» саласы бойынша бітіруші түлектерін бос жұмыс орындарына тартатындығын айтып өтті.

келысым222

 

 

Top