«Абай оқулары!» тақырыбындағы ақынға арналған кеш

Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация факультетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Ақпараттық жүйелер» В17АЖ-1,3 тобының ұйымдастыруымен «Абай оқулары!» тақырыбындағы ақынға арналған кештің негізгі мақсаты:

Шетел азаматтары студенттеріне Абай Құнанбайұлының өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет беру; Шетел азаматтары студенттеріне ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту; Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының асыл мұрасын қастерлеуге тәрбиелеу, сөз өнеріне, саз өнеріне деген сүйіспеншілікті ояту; Абай өлеңдері мен поэмаларының идеясын ашып, рухани-адамгершілік қағидаларымен танысу, Абай өлеңдері арқылы шетел азаматтары студенттерінің рухани байлығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Ішкі рухани тазалыққа үйрету.

Қатысқандар: «Ақпараттық технология, автоматика және телекоммуникация» факультетінің деканы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының оқытушылары және В17АЖ-1,3 тобының студенттері, №1 студенттер жатақханасының тұрғындары мен шетел азаматтары.

IMG 20200225 WA0027   IMG 20200225 WA0052

IMG 20200225 WA0040

В17АЖ-1,3 тобының кураторы аға оқытушы Л.А.Абдыкеримова

Top