Игі іс

Технологиялық факультеттің ұжымы қажетті, сауапты әрі игі істің бастамашысыболды. Бұл ұжым бүгінгі күні аса қажет бұйым - қорғаныш маскаларынтігебастады. Бұл маскалар ең алдымен жатақхана студенттеріне, шаруашылық қызметкерлеріне, университет ардагерлерінежәне қарттар үйі мен басқа да мұқтаж адамдарға үлестірілмек. 

Бұл істі ең алдымен қолға алайық деп қолқа салған Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының конструкциялануы және дизайн кафедрасының оқу ісінің шебері Федор Нокиновболды. Әрине, факультет деканы Әнуарбек Әймен, университет ректоры Махметғали Сарыбековбастаманы қолдады, қаражат бөлінді. 

"Бізбіргеміз" ұранымен ұжым қызметкерлері істісозбай, қарқынмен бастап та кетті. Бұл қиындықтан аман-есен өту үшін өзінің аз да болса үлесін қосқысы келетін қайырымды жандар баршылық және Дулати университетінің бұл бастамасы басқа да мекемелерге үлгі болмақ. Жақсы ісжалғасын тапса, қайырымды жандар жан-жағындағыларға қарайласса ауыртпалық та артта қалар!

Прочитано 2026 раз
Top