ЧЕМПИОНЫМЫЗДЫ ҚОШЕМЕТПЕН КҮТІП АЛДЫҚ

 

Университетіміздің студенті, боксшы, Токиода өтетін Олимпиаданың жолдама иегері әрі лицензиялық турнирдің күміс жүлдегері Әбілхан Аманқұл елге оралды. Шәкіртімен бірге ұстазы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, оқу ордамыздың құрметті профессоры Нұрлан Ақүрпеков те келді.

«Әулие-ата» әуежайында чемпионды университетіміздің ұжымымен қатар, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен БАҚ өкілдері де қарсы алды.Күтіп алушылардың көкейінде бір сұрақ. Барлығын  турнирдің қалай өткені, лицензияны жеңіп алу қаншалықты қиын болғаны, алдағы жоспар барысы қызықтырды.

– Бұған дейін алған жарақат жазылған күннің өзінде ең қажет сәтте кесірін тигізе ме деп алаңдадық, дегенмен бәрі ойдағыдай өтті, - дейді Нұрлан Ақүрпеков.  – Жекпе-жектердің бәрі сәтті өтті, осал қарсылас жоқ. Спортшылардың дайындықтары жоғары деңгейде. Кубалық командамен тұрақты жаттыға отырып, еңбектенудің арқасында жақсы нәтижеге жеттік. Ең басты мақсат – Олимпиадада жеңіске жету. ТарМУ спортшы жастарды әрдайым қолдайды. Спортқа үлкен көңіл бөледі. Қошеметке кенелген чемпионымыз бес айлық шәкірақы көлемінде марапатталды.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1938 раз
Top