ЕНШІМІЗГЕ ЕКІНШІ ЛИЦЕНЗИЯ ТИДІ

 

Кешегі қуанышты жаңалықты баршаңыз естіген боларсыздар. Университетіміздің студенті Әбілхан Аманқұл Амманда (Иордания) өтіп жатқан халықаралық іріктеу турнирінде Токиода өтетін Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алды.

Әбілхан  75 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өз қарсыластарынан асып түсті. Былғары қолғап шебері -  Әбілханның бапкері  оқу ордамыздың құрметті профессоры Нұрлан Ақүрпеков. Айта кетейік, бұл біздің оқу ордамыздың спортшылары иеленіп отырған екінші лицензия.Естеріңізде болса, бірінші лицензияны грек-рим күресінен қарсыластарының жаурынын жер иіскеткен Мейрамбек Айнағұлов жеңіп алған болатын. Әлем чемпионатында Мейрамбек 60 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, Қазақстан құрамасының қоржынына жолдаманы алғаш болып салды.Университетіміздің спортшылары әлі де Олимпиадаға жолдама санын арттырады деген болжам бар.Дулати университеті спортқа көңіл бөлген, биік шыңдарды бағындырып жүрген спортшыларды әрдайым қолдайды. Бұл жолы да  игі дәстүрді жалғастыра отырып спортшыларымызға қолдау көрсетудеміз және олардың жеңіске жетеріне сенеміз!

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 4223 раз
Top