Университеттің «Экономика және бизнес» факультетіндеакадемиялық ұтқырлық аясында «Erasmus» бағдарламасы бойынша Европада білім алып келген студенттер мен факультеттің көп тілді білім беру тобының студенттері және «Enactus Dulaty» командасы арасындакездесу өткізілді. Кездесу барысында Польша мемлекетінің университтерінде білімдерін шыңдап келген «Есеп және аудит» мамандығының 4 курс студенті Нарбаева Диана (Жешув технологиялық университеті) және 3 курс «Экономика» мамандығының студенті Мырзалы Әдемі, «Менеджмент» мамандығының студенттері Абдуаханова Амина мен Бақбергенова Жумагүл (Катовица экономикалық университеті) ағылшын тіліндетеориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды терендетумен қатар, өзге қалаларда өмір сүру, өзге мәдениетті танып-білу мүмкіншіліктері бойынша тәжірибелерімен бөлісті.Кездесуге қатысқан кафедра оқытушылары қазіргі жастарды қызықтырып жүрген тақырыптар бойынша қойылған сұрақтарына ағылшын тілінде жауаптар алып отырды.2020 жылы «Еріктілер жылы» деп жариялануына байланысты «Enactus Dulaty»» командасы әлеуметтік жобаларының бірі ретінде ағылшын тілін үйретудің жаңа әдістемесін ойлап табу жұмысын жасап жатқандарын айта кетті. Университеттің «Enactus Dulaty»» командасы ENACTUS 2019 байқауының ұлттық жеңімпазы атанып, АҚШ-тың, Калифорния штаты, Силикон алқабының астанасы Сан - Хосе қаласында өткен Enactus World Cup 2019 кубогына Қазақстан атынан қатысып мол тәжірибе жинақтап келген команда. Осы орайда,«Креатив»ғылыми-өндірістік орталығының басшысы Насибуллина А.В. халықаралық конкурстарға қатысудағы ағылшын тілінің ролін ерекше атап кетті. Кездесу барысы мен сонында 1 курс студенттерінің сұрақ-жауаптарыspeaking club-тағы кездесу тек қана ағылшын тілінде сөйлеу емес, сонымен қатар рublic speech дағдыларында дамытып өзіне деген сенімділікті арттыруға болатындығын байқатты.Осылайша, көптілді білім беру тобы арасында тұрақты өткізіліп отыратын кездесулер студенттердің әлемдік бизнес тілі саналатын ағылшын тілін жетік менгере отырып, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алуға, халықаралық конкурстар мен олимпиадалардыңчемпиондары аталуына септігін тигізетін болады.
Раймбекова Укан, «Экономика» кафедрасының аға оқытушысы