АРДАГЕР ҰСТАЗДАРҒА ТӨСБЕЛГІ ТАБЫСТАЛДЫ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы ардагер ұстаздарға «М.Х.Дулати.Үздік табыстары үшін» төсбелгі табыстады.

Марапаттау кезінде Аслан Еділханұлы сөз алып, ұзақ жылдар бойы ұстаздық етіп, еліміздің ғылым мен білім саласына қосқан өлшеусіз үлесі үшін ардагерлерге алғысын білдірді. Оқу ордамыздың өсіп-өркендеуіне бірлік пен өзара сыйластықтың, аға буын өкілдерінің үлгілі игі істерінің ықпал еткенін жеткізді.

Ғылым жолында сіңірген ұстаздарымыз Тельмана Достанбаев және Раиса Джандосовнаға арнайы гүл шоқтары табысталып,төсбелгімен марапатталды.

Ардагер ұстаз Тельмана Достанбаев ғылым жолында сіңірген еңбегі өлшеусіз. Өзінің 40 жылдық ғылыми-педагогикалық қызметі барысында үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның негізінде Қазақстан тарихы, саясаттану және әлеуметтану бойынша 100-ден астам ғылыми мақалалар жариялады.

Раиса Джандосовна Дулати университетіне өзінің ерең еңбегін сарп еткен ардагер ұстаз. Ол өзінің барлық білімін жоғары білікті мамандарды тәрбиелеу барысында үлкен жолдан өтті. Көпжылдық адал ниетті еңбегі үшін  білікті ұстаз бірнеше рет медальдармен және Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Ұстаздар университет ұжымына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді. 

ардагер1111
 Конвергенттік журналистика мамандығының 3- курс студенті Назерке МАРАТҚЫЗЫ

 

Прочитано 129 раз
Top