Шараға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмиля Бекбатырова мен ТарМУ ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков арнайы қатысты. Фестивальге облыс мектептерінің оқушылары қатысты. Фестивальді "Мәдениет және өнер" кафедрасының студенттері Абай мен Тоғжан арасындағы алғашқы, таза, биік махаббат жайлы "Хәкім Абай" атты театрландырылған қойылыммен ашты.
Фестиваль үш бөлімнен тұрды. Біріншісі фоейде жас өнертапқыштар роботтардың жұмыс жасау мүмкіндіктерін көрсетсе, екінші бөлімде "Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас..." атты қойылымы болды. Қойылымды тамашалауға көрермендер көп жиналды. Үшінші бөлімінде дөңгеле үстел өтті. Іс-шара Тұңғыш Президенттің мәжіліс залында білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша "Абайдың ізімен"атты іс ара өтті. Оған Тараз қаласы білім бөлімінің өкілдері, мектеп директорлары қатысты. Жиында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жәмиля Бекбатырова оқу орындарының олимпиада, ғылыми жоба конкурстарының қатысушыларын, жүлдегерлерін және жеңімпаздарын даярлауына назар аударды..
МЕДИА-ҚЫЗМЕТ