×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

ҰЛЫ ДАЛА ТҰЛҒАЛАРЫ – ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ


«Жастар сарайы» ғимаратында өткен республикалық семинар ұлтымыздың ұлы тұлғаларына, олардың еңбектері мен өміріне арналды. 2020 жыл айтулы даталарға толы жыл. Әл-Фарабидың туғанына 1150 жыл, Жүсіп Баласағұнның 1000 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 110 жылдығы және Ағаділ Суханбаевтың туғанына 100 жыл толып отыр. DSC 2944
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен өткен жиын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары аясында өтті. Семинарға «Ежелгі Тараз ескерткіштері» тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Бықыбаев Нұрлан Дүйсеналыұлы, ҚР Мәдениет қайраткері, жазушы, публицист, бауыржантанушы Елен Әлімжан, «Отырар» мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің кіші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының магистрі, фарабитанушы Абдуахитов Ерқожа Сейітжаппарұлы, Тараз техникалық және бизнес колледжінің тарих пәнінің оқытушысы Мақсұт Атамбекұлы, ТарМУ-дың «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., дDSC 2940оцент, абайтанушы Дина Көлбаева қатысты. Келген қонақтар алдымен «Археологиялық жәдігерлер», «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбындағы жылжымалы көрме мен кітап көрмесін тамашалады.
Модератор «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің деканы Нұрлан Іңкәрбеков белгілі тұлғалар, ұлтымыз үшін орны бөлек азаматтардың еңбегі мен өміріне арналған бұл жиынның жастар үшін аса маңызды екенін айтты. Бауыржантанушы ғалым, жазушы Елен Әлімжан көшпелі халықымыздың өркениетін тереңнен қозғады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ халқының жеңіске қосқан зор үлесін, ерлігін, батырларымыз – Ағаділ Суханбаев пен Бауыржан Момышұлының соғыстағы тактикасын, ерен ерлігін әңгімесіне арқау етті.
– 1944 жылы Литва мен Польша шекарасы тұсында ерлік көрсеткен Ағаділ Суханбаев кеудесін оққа тосып, Отан үшін өмірін қиды. Ал Бауыржан батыр соғыста аса білімділігімен, алғырлығымен тың әдіс-тәсілдері арқылы жаудың аузынан дивизиясын аман алып шығып, ерекше ерлік жасады. Ол өз сөзінде «Ең құдыретті қару танк, зеңбірек емес – жауынгерлердің жан азығы» деді. Сондықтан да, ол жазушыларға үнемі рух көтеретін шығармалар жазуға шақырып, талай рет хат жазды. Ұлт мүддесін ойлаған қайраткер Алашордашылардың идеясын ары қарай жалғастырды.Иә, тым шыншылдығы үшін де Кеңес Одағының батыры атағы ол кісіге берілмеді. 1970 жылы Дінмұхаммед Қонаев ұсынғанда да ұсынысы қабылданбады. Бауыржан Момышұлын жастарымыз тек батыр деп бағаламай, халық санасына ықпал ете білген, Алашордашылардың идеологиясын жалғастырған қайраткер екенін біліп жүрулері керек,- деді жазушы жастарға арнаған сөзінде.
Фарабитанушы жас ғалым Ерқожа Сейітжаппарұлы «әл-Фарабидің рухани мұрасы» тақырыбында баяндама жасады. Аристотельдің, Платонның еңбектерін латын, араб, парсы тілдеріне аударып, түсініктеме берген ұлы ойшылдың 150-ден аса еңбегі барын, 70 тарта тіл білетінін баяндады. Ұлы ойшылдың «Қайырымды қала тұрғындары» еңбегіне тоқталып, мазмұнына үңілді. Ғалым өз сөзінде әл-Фарабидың еңбектері әлі де тереңнен зерттеуді қажет ететіні, сырт елдердегі еңбектерін әлі де жинақтап жүйелеу керектігін баса айтты.
«Абай қара сөздерінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен маңызы» тақырыбында баяндама жасаған абайтанушы ғалым Дина Дүйсебайқызы 1918 жылы алғаш рет Семейде «Абай» журналына шыққан ақынның қара сөздеріне талдау жасап, мән-маңызын түсіндірді. Қазақты бар әлемге Абай арқылы танытуға болатынын, ақынның аты ұлтымыздың ұраны, ал қара сөздері әр шаңырақтан табылуға тиісті құнды дүние екенін айтты.
Мағыналы сөз, салмақты ой айтылған семинар соңында студенттер мен мектеп оқушылары тарихи тұлғалар туралы өлеңдерін оқыды.

Медиа-қызмет

Прочитано 2895 раз
Top