×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

«LIBRARY AWARDS – 2019»

Бүгін оқу ордамыздың Кітапханалық-ақпараттық орталығының оқу залында «Library Awards – 2019» өтті. Іс-шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жаңа гуманитарлық білім, Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша шыққан оқулықтарды насихаттау, жастардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілді.

Салтанатты рәсім Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» офисінің басшысы Зарина Пердыбекқызы Қуатованың құттықтау сөзімен басталды. Сонымен қатар, Букчеллендж сайысының қорытындысы негізінде үшінші орынды «Шет тілі» мамандығының 2-курс студенті Юлдашева Назым, екінші орынды «Психология» мамандығының 2-курс студенті Махан Олжас және бірінші орынды «Филология» мамандығының 3-курс студенті Кемалов Бақдаулет жаулап алды. Іс-шара барысында орталық жыл бойы ең көп кітап оқыған студенттерді анықтап, «Кітапхананың белсенді оқырманы» номинациясы бойынша бірқатар студенттерді марапаттады:

Әнуарбек Әбілқайыр – «ВТиПО» мамандығының 4-курс студенті
Тайжан Гүлнар - «Журналистика» мамандығының 2-курс студенті
Рахымбай Айгерім – «Жерге орналастыру» мамандығының 1-курс студенті
Айтбекқызы Нұршат – «Журналистика» мамандығының 2-курс студенті
Ералы Мейірім – «Қаржы» мамандығының 2-курс студенті

«Жыл кітапханашысы» номинациясында ғылыми-библиографиялық қызмет секторының жетекшісі Қасымова Ақмарал марапатталды. Салтанатты жиын деректер қорын үйлестіру секторының жетекшісі Амина Түспек және біліктілігі жоғары деңгейдегі инженер-программист Сания Өтеген өткізген тренингте жалғасын тапты.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1906 раз
Top