×

Ескерту

JUser: :_load: Келесі ID-ге ие қолданушыны жүктеу мүмкін болмады: 957

ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Технологиялық факультетінің ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы  «Дана-дель» ательесінде бітіруші түлектерді  жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мәселелері бойынша кездесу ұйымдастырылды.

Жиынды кәсіби даму және карьера орталығының директоры Расима Амандосова ашып, жүргізіп отырды. Жұмыс берушілерден алғаш болып сөз алған «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының «Жас Отан» жастар комитетінің төрағасы мемлекет тарапынан жас мамандарға арнайы бағдарламалар бар екендігін жеткіді. Ал, «Дана –дель» ательесінің директоры Б. Тоқтыбаева мекемелен тәжірибеден өтіп, жұмысқа шақырту алатын студенттердің көбейіп келе жатқандығын тілге тиек етті.

Осы факультетке қарасты «Жеңіл өнеркәсіп бұцымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасымен тұрақты байланыстамыз. «Дана дель» ательесінде  өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтуге келетін болашақ дизайнерлердің өзінің қабілетіне қарай жұмысқа алуға әзірміз. Қазіргі 4 курс студенттері арасында тігінге қабілеті бар студенттер болса, оларды диплом берілген күннен бастап біздің жұмыс орнында жұмыс жасауға шақыруға әзірміз,– Б. Тоқтыбаева. Сонымен қатар, мекеме басшысы сөздерінде салаға керекті мамандарға қойылатын талаптың жоғары екендігін атап өтті.

МЕДИА-ҚЫЗМЕТ

Прочитано 1923 раз
Top