ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ: Халықаралық Конгресс

Құрметті әріптестер!

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің «2021-2023 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» атты гранттық жоба аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетімен (Ресей Федерациясы) бірлесе 2023 жылдың 14 наурызында «ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ: СЫН-ҚАТЕРЛЕР, ЗАМАНАУИ ТРЕНДТЕР ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛАР» атты Халықаралық Конгресс өткізеді.

Халықаралық Конгрестің мақсаты – цифрлы қоғамда педагогикалық кадрларды кәсіби даярлаудың заманауи тенденцияларын айқындау; қашықтан оқытудың заманауи трендтерін айқындау; ХХІ ғасырдың сын-қатерлі контексіндегі білім сапасын арттыратын цифрлы технологиялардың мәнін ашу; педагог кадрларды дайындаудағы әлемдегі үздік ЖОО инновациялық іс-тәжірибесін зерделеу.

Халықаралық Конгрестің жұмыс жасау бағыттары:

  • Цифрлы қоғам: цифрлы оқыту технологиялары және мұғалім тұлғасы.
  • Қашықтан білім беру: заманауи трендтер және жаңа мүмкіндіктер.
  • Цифрлы ортада педагогикалық кадрларды даярлаудың заманауи тенденциялары: ұлттық құндылықтар, әлемдік тәжірибе, инновациялар.

Халықаралық Конгресс аясында отандық және шетелдік ғалымдардың авторлық курстары, жаңашыл педагогтердің шеберлік сыныптары, психологиялық-педагогикалық тренингтерді онлайн, офлайн форматта ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Халықаралық Конгрестің төмендегідей форматта ұйымдастырылады:

  • пленарлық мәжіліс - баяндамалар, Халықаралық Конгрестің резолюциясын қабылдау;
  • отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстары және шебер-сыныптары;
  • психологиялық-педагогикалық тренингтер, жаңашыл педагогтердің шебер-сыныптары;
  • онлайн-режимдегі шебер-сыныптар;
  • секциялық мәжілістер;
  • инновациялық өнімдердің презентациясы.

Халықаралық Конгреске қатысуға арнайы шақырылады:

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Назарбаев Университеті, «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО басшылары, тренер-әдіскерлері;
  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы филиалдары және «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық Орталығы» АО филиалдарының директорлары, тренер-әдіскерлері;
  • ЖОО-ның және орта кәсіби білім беру ұйымдарының басшылары, ғалым-педагогтері, болашақ педагогтері, магистранттары мен докторанттары;
  • Жалпы орта білім беру ұйымдарының басшылары, әдіскерлері, жаңашыл мұғалімдері.

Халықаралық Конгрестің жұмыс тілдері қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті Халықаралық Конгрес материалының жинағын шығаруды көздеп отыр. Халықаралық Конгреске қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электронды поштасына баяндама (мақала) және жаңашыл педагогтардың Халықаралық Конгреске қатысушының тіркеу формасын электронды нұсқасын өткізу қажет. Мақалалар 1 дана және электронды түрде қабылданады.

Электронды пошта арқылы жібергенде «Тақырып» бөлімінде: «Халықаралық Конгреске ______ - дан (баяндамашы фамилиясы)» көрсетілсін.

Мақала мәтіні және тіркеу формасы бір файлмен көрсетілсін, файл аты автор фамилиясымен, егер бірнеше автор болса, тіркеу жарнасын төлеген автор фамилиясымен аталады. Мысалы, қатысушы С.Ж.Бисенова файл атын келесідей ұсынуына болады: Бисенова.doc немесе Бисенова.rtf.

Материалдарды баспаға шығару туралы шешімді сараптау комиссиясы қабылдайды.

Баяндама мен байқауға ұсынылатын материалдар 2023 жылдың 5 наурызына дейін қабылданады.

Халықаралық Конгреске қатысушылар арнайы сертификатпен және 1-ші, 2-ші, 3-ші дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Халықаралық Конгреске қатысушыларға табыс етіледі:

- Халықаралық Конгрестің бағдарламасы;

- Халықаралық Конгрестің қатысқаны үшін сертификат;

- отандық және шетелдік танымал ғалымдардың авторлық курстарына қатысқандары үшін халықаралық дәрежедегі АРНАЙЫ СЕРТИФИКАТ;

- Халықаралық Конгрестің жинағы( электронды тасымалдағышта);

МАҚАЛАЛАРДЫ РӘСІМДЕУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР:

Мақаланы орналастыру реттілігі:

  1. ӘОЖ индексі бірінші беттің жоғары сол жағына қойылады.
  2. Мақаланың атауы.
  3. Авторлар туралы мәлімет (екі автордан артық емес): Автордың аты-жөні, әкесінің аты ( ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі көрсетіледі), мекеменің атауы және орналасқан жері (егер мекеменің атауынан бөлек болса), авторлардың e-mail.
  4. Аннотация 3 тілде: (100 сөзден артық емес: мақсаты, міндеті, зерттеу нәтижелері және қысқаша тұжырымдары).
  5. Кілтті сөздер (5-10 сөз).
  6. Мақала мәтіні төменде көрсетілген талаптарды қанағаттандыру керек.
  7. Библиография (пайдаланған әдебиеттер тізімі).
  8. Егер мақала шетел тілінде ұсынылған болса, онда қазақ тілінде және ағылшын тілінде берілуі тиіс: мақаланың тақырыбы, автордың аты-жөні, әкесінің аты, аннотация, кілтті сөздер (мақаланың соңында) .

Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар:

  1. Мақаланың мәтіні және тіркеу формасы WORD мәтіндік редакторында терілуі тиіс, «Times New Roman» қаріпі, тақырып қаріпі және негізгі мәтін шрифт өлшемі (кегль) - 14, жоларалық интервал - бір, тасымалдаусыз, жоғарғы өріс - 20 мм, сол жақ - 20 мм, оң жақ - 20 мм және төменгі өріс- 20 мм. Мақаланың тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТ).
  2. Матариал көлемі 4 беттен кем болмауы тиіс және 6 беттен аспауы керек (суреттеді қосқанда), А4 форматтағы көрсетілген мақала көлеміне мақала мәтіні, әдебиеттер тізімі, кестелер және суреттер кіреді.
  3. Мақала беттері нөмірленуі тиіс.
  4. Мақалада формула (сурет, кестелер) номерленеді.
  5. Мақалада әдебиеттер көздеріне сілтеме жасалынуы тиіс. Әдебиет көздерінің тізбесі ГОСТ Р 7.0.5-2008 сәйкес жасалынады. Мәтінде әдебиет көздеріне сілтемелер квадрат жақшада беріледі. Әдебиеттер тізімі мәтінде қолдану ретімен көрсетіледі. Электронды тасымалдағыштарға да сілтеме жасауға болады.
  6. Мәтіндегі сурет, кестелер сапалы жасалуы тиіс. Жинақта барлық суреттер ақ-қара түсте беріледі.
  7. Негізгі мақаладан кейін мақала авторы (-лары) туралы қысқаша мәлімет 15 жолға дейін). Берілетін мәліметте автордың ғылыми-зерттеу аймағы, жұмыс орны, қызметі, байланыс ақпараты (телефон, электронды почта) көрсетілуі тиіс.
  8. Материалды дайындауда осы талаптарды сақтамаған жағдайда материалды баспаға жіберу мерзімі ұлғаяды немесе мақаланы баспаға қабылдамауға негіз болады.
  9. Барлық жұмыстар антиплагиатпен 6 наурыздан 10 наурызға дейін тексеріледі, қажетті деңгей – авторлық мәтіннің 70% кем емес. Тексеруден өтпеген жұмыстар жариялауға жіберілмейді.
  10. Ұйымдастыру комитеті аитиплагиатқа тексеру, мақаланы іріктеу, редакциялау жұмыстарын өзіне қалдырады.
  11. Мақала, байқау жұмыстарын келесі электронды почтаға 2023 жылдың 5 наурызына дейін жіберу керек: dulatukongrecс@bk.ru
  12. Электронды нұсқадағы файл атауы төмендегідей рәсімделеді: «Бисенова_заявка.doc», «Бисенова_корешок.doc», «Бисенова_статья.doc», «Бисенова_презентация.ppt(x)», «Бисенова_ конкурс.doc».
  1. Мақалада көрсетілген ғылыми факті, дерексөз, ғалымдардың аты-жөні және басқа да мәліметтердің шынайлылығы бойынша жауапкершілік авторда (-ларда) қалдырылады.

ТІРКЕУ ФОРМАСЫ

Халықаралық Конгреске қатысу үшін 2023 жылдың 5 наурызына дейін төмендегі тіркеу формасын толтырып почтаға жіберіңіз:

Автор туралы мәлімет

 

1

Тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса)

 

3

Жұмыс орны, мекен-жайы

 

4

Байланыс телефоны, е-mail

 

5

Мақала тақырыбы

 

6

Секция

 

7

Қажетті техникалық құралдар

 

8

Қонақ үйдің қажеттілігі (ия/жоқ)

 

МАҚАЛАНЫ ТӨМЕНДЕГІ МЕКЕН-ЖАЙҒА ЖІБЕРІҢІЗДЕР:

080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ., Төле би даңғылы 62, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, 3.1оқу ғимараты, 208 каб.

(«Дулати университеті, Халықаралық Конгресс») деп көрсетілсін.

E-mail: dulatukongrecс@bk.ru

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:

БУЗАУБАКОВА Клара Джайдарбековна – 8 705 720 18 56

БУПЕТАЕВА Сауле Жакиповна – 8 775 404 84 50

ЕЛУБАЕВА Миршат Сайлаубековна – 8705319 02 95

УШАКБАЕВА Камшат Рахымбердиевна – 8701083 55 33

Жұмыс телефоны: 8(7262) 51 72 53

БАРЛЫҚ ШЫҒЫНДАР ІС-САПАРҒА ЖІБЕРЕТІН ЖАҚТАН ӨТЕЛІНЕДІ.

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ

«ҰСТАЗ » ИНСТИТУТЫ

«ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

Прочитано 1670 раз
Top