«Face to Face» форматындағы кездесу

Мемлекеттік қызметте бұлтаққа жол жоқ. Барлық қол жеткізер жетістік пен нәтиже мемлекет мүддесі үшін әрі халыққа тиесілі болғандықтан да солай. Жүйелі жұмыс пен адал еңбек арқылы қоғам жаңа белестерді бағындыра алады. Сондықтан мемлекеттік органда қызмет ететіндерге жауапкершілік еселене түспек. Бұл саланың мамандарын арнайы оқытатын арнаулы курстар мен оқу орындары елімізде бар. Тараз қаласы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалы ашылған. Қазіргі таңда көптеген маманның біліктілінін арттыру үшін жұмыс жасалынуда.

Осы ретте, Дулати университеті Кітапханалық-ақпараттық орталығының ұйымдастыруымен «Face to Face» атты мемлекет қызметкерлерімен кездесу өтті. Ашық, еркін әңгіме форматта болған жиынға ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Лесбек Құралбайұлы, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Жамбыл облысы бойынша филиалының кабинет меңгерушісі Асқарәлі Амангелдіұлы Абенов және ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Жамбыл облысы бойынша филиалының профессоры Бекмұхан Жұмаханұлы қатысты.

WhatsApp Image 2022 10 22 at 13.20.10 1

Мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламаларының 3-4 курс студенттері болашақ маман ретінде сұрақтарын қойып, пікір алмасты. 25-қазан Республика күнімен тұспа-тұс келген 24-қазан Кітапханашылар күніне орай жиналған көпшілік ізгі лебіздерін білдіріп, тілектерін айтты. Кездесу соңында қонақтарға арнайы дайындалған көрме және кітапхана бөлімдері таныстырылды.

RLS 4828

RLS 4831

 

Прочитано 896 раз
Top