ҚР ҰҚК ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІНІҢ ОФИЦЕРЛЕРІ ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

«Шекара қызметкерлерінің тұлғалық өсу және кәсіби қалыптасуына психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында өткен семинар-тренинг

Дулати университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасы мен  «Педагогикалық психология» кафедрасы бірігіп «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің 15 шекара офицерлер құрамына «Шекара қызметкерлерінің тұлғалық өсу және кәсіби қалыптасуына психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

1

Семинар-тренингті «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы Мамырханова Жамиля Темиргалиевна сөз алып, ашып берді. Алғашқы күні «Әлеуметтік психология» кафедрасының оқытушылары Ш.Т. Тұрдалиева, А.Т. Абдрахманова, Р.Т. Байбосынова, «Мен және формула», «Суицид және оны алдын алу жолдары», «Менің үстелімнің портреті», «Бес құндылық», «Конфликтіні  басқару- психологиялық саулық» тақырыптарында тренинг, презентация, топтық терапия, диагностика жүргізді.

2

Семинар-тренингтің екінші күні «Педагогикалық психология» кафедрасының оқытушылары К.Б. Сматова,  Б.У. Есентаева, Ш.Б. Буйембаева, Г.У. Оралымбетова «Тұлға дамуының психологиялық  аспектілері», «Тұлға белсенділігін жетілдірудің тәсілдері», «Тұлға құрылымын зерттеу», «Тұлғалық дамуда арттерапияның элементтерін қолдану» тақырыптарында брифинг-презентация, психологиялық тимбилдинг, өзіндік психодиагностика (Рокич тесті, интерпретация), арттерапиялық практикум жүргізді.

3

Сондай-ақ, тренинг барысында офицерлер өз пікірлерін, ойлары мен ұсыныстарын айтты.

Семинар-тренингті М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Зерттеулер және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры» Нұрмұханбет Данияр Ысқақұлы қорытындылап, сертификаттар және алғыс хаттармен марапаттады.

Прочитано 1321 раз
Top