Бүгін Дулати университетінің шетелдік ғалымдарымен халықаралық ынтымақтастығы аясында «Жоғары білім және ғылым жүйесіндегі әлемдік тренділер» тақырыбында семинар өтті.
Халықаралық зерттеу және білім беру жобалары мен бағдарламаларының тиімділігін және университеттің профессор-оқытушылық құрамы докторанттар, магистранттар және студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру мақсатында өткен семинарда Туркия, АҚШ және Португалиядан келген 5 спикердің баяндамалары тыңдалды.
Айта кетейік, аталмыш іс-шаралар университеттің академиялық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, шетелдік компаниялардан жетекші оқытушылар мен практиктерді және жетекші зерттеушілерді университетпен ынтымақтастыққа тартуда өз септігін тигізеді.